Мазмұнға өту
Обложка сообщества Новости

Өскемен тұрғынының пәтерінен қарасора «плантациясы» табылды

Басылым мәліметінше, полицейлер Өскеменнің 26 жастағы тұрғынының есірткі айналымына қатысы болуы мүмкін деген ақпарат алған. Осылайша, тәртіп сақшылары күдіктінің пәтеріне тінту жүргізіп, нәтижесінде қарасора плантациясын, кептірілген марихуананың бірнеше қабын және оны қолдануға арналған құрылғыларды тапқан.

«Құрамында есірткі бар өсімдіктер арнайы шатырдағы құмыраларда өскен, онда жылу режимі, ылғалдылық сақталған», - деп түсіндірді ШҚО полиция департаменті бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Ұсталған азаматтың айтуынша, ол жабдықты интернет-ресурстар арқылы ТМД елдерінен алдыртқан.

Қылмыстық кодекстің 300-бабы 1-бөлігі (құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша соталды тергеу басталған.

0
0
285

Осы тақырып бойынша

Өскемен тұрғынының пәтерінен қарасора «плантациясы» табылды - Yvision.kz