Сыйлайықшы, кәрілікті басынан
Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы
Әуен авторы – А. Носонов «Мелодия души»
Фотоматериал авторлары – Түрлі жүйелерден алынған «Белгісіз»
Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы
Вконтакте парақшасы – http://vk.com/public56982889
Кім білген, кәрілік пе күрсінген?
Сары – қызыл, жапырағымен төгілген.
Бұл қызыққа, жеткен де бар, жетпеген,
Кетер жастық, мың іздеуде өткізген.
Сұлу болса кәрілік, кұзге оралған,
Әрбір сөзден, терең ойлар табылған.
Тамсандырған тағдыр-ай, тамсандырған,
Құпиясымен, талайларды ойландырған.
Біреулерге, келесің-ау қуантып,
Терең тамыр, жапырағымен жайнатып.
Біреулерге, келесің-ау жылатып,
Бос ағаштай, тамырынан қуратып.
Қалсадағы ендігі, құр сүлдері,
Кәртаймайды-ау қайран көңіл толқытып.
Мазалайды, артта қалған күндері,
Өткен өмір, сын таразға, салынып.
Сыйлайықшы, кәрілікті басынан,
Қайран өмір, зырылдап ақ өтеді.
Шыр көбелек, айналдырған бұл жалған,
Бірақ күнде, өкініште өшеді.
