Түркия мен Сириядағы жер сілкінісі туралы цифрлар не дейді
Түркия мен Сириядағы жер сілкінісі туралы цифрлар не дейді:
- бүгінгі күні Түркияда зілзала салдарынан қайтыс болғандар саны 35,4 мыңға жеткен;
- Сирияда қайтыс болғандар 7 280 адам;
- жарақат алғандар: Түркияда 105 500 адам, Сирияда - 9 000 адам;
- жер сілкісінің эпицентрінде 3 млн. адам тұрады екен;
- Түркияда 2,2 млн. адам апат шарпыған аумақтан көшірілген;
- Сирия мен Түркияда жалпы саны 26 млн. адам гуманитарлық көмекке зәру;
- Түркияда жер сілкінісі шарпыған аумақ - елдің 12 провинциясы, олар (жалпы, негізінен 10 провинция туралы айталады): Адана, Адыяман, Батман, Диярбақыр, Ғазиантеп, Хатай, Қаһраманмараш, Килис, Малатья, Османие, Шанлыурфа және Элязыг;
- Түркия бойынша құтқару жұмыстарына 249 000 адам қатысып жатыр;
- Түркияның шығыны 84,1 млрд. доллар, бұл дегеніңіз ел экономикасының 10 проценті;
- Әлемнің 82 елінің құтқарушылары Түркияда құтқару жұмыстарымен айналысып жатыр;
- Түркия бойынша 13,5 млн. адам апат аймағында өмір сүреді екен;
- Түркиядағы апат аумағы 450 шақырымды құраған;
- Түркияда апат салдарынан 6217 ғимарат құлаған;
- Түркияның 10 провинциясында 3 айға төтенше жағдай жарияланды;
- Дүниежүзілік банк Түркияға 1,78 млрд. доллар қаражат аударатынын мәлімдеді;
- Әзербайжан Адымянда 1000 контейнерлік үй (қалашық) салмақшы;
- қазақ және қарғыз ағайындар Түркияда киіз үйлер құрып жатырғаны белгілі, Қазақстан (еріктілер) тарапынан 120 киіз үй болуы керек, одан кейін Еркін Тәтішев те киіз үйлер мен генераторлар жібермекші. Қырғыз ағайындар қанша киіз үй құрғанын анықтау керек;
- Қазақстан Түркияға тағы 55 тонна гуманитарлық көмек жіберетін болды;
- 212 сағаттан кейін 77 жасар әйел жер астынан шығарылды, дегенмен, мұндай оқиғалар саны сиреп барады.
