«Тақия: "Қыздардың ойында не бар?» романтикалық комедиясы
Жуырда Алматыда Tiger Films компаниясының кезекті туындысының жабық көрсетілімі өтті.

Туындыда жас жұбайлар арасындағы отбасылық тіршілік пен ата мен немеренің байланысы әзіл-қалжыңмен, астарлы оймен жеткізіледі. Жаңа картинаның премьерасы Kinopark 11 IMAX Esentai кинотеатрында өтті.

Премьераға түсіру тобы мен актерлер, кино саласының өкілдері жиналды.

Комедияның сценариін Майра Фазыл мен Ілияс Қыдырбаев жазған. Бұл Tiger Films компаниясының 12-ші толықметражды фильмі.
Ернат Байұзақ, фильмнің режиссері: - Бұл фильм отбасылық фильм деуге болады. Басты рөлдегі жігіт ыздардың ойын оқу арқылы өзінің әйеліне көңіл бөлмей қалады да, сөйтіп, әйелі кетіп қалады. Қайтадан барып кешірім сұрайды. Спойлер болмасын, жалпы осындай сценрий желісімен құрылған комедия. Былай айтқанда, бүкіл көрерменге арналған, жалпы көрерменге арналған фильм.

Көпшіліктің сүйікті актрисасына айналған Асел Сағатова фильмде басқа қырынан танылады.

Еркін сиқырлы тақияны дұрыс пайдалана ала ма? Оның жауабын фильмді көрген соң біле аласыздар. Картина 16 наурыздан бастап еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетіледі.
#Комедия
#Тақия
