Талдықорғанда қала күні аталып өтті
Ресми мереке таңертең «Жастар» мәдениет және демалыс саябағында басталды. Жоғары және орта арнайы оқу орындары, өнеркәсіптік кәсіпорындар, шағын және орта бизнес субъектілері, қоғамдық денсаулық сақтау, мәдениет және өнер мекемелері өздерінің көрме экспозицияларын қала тұрғындары мен қонақтарына жаңа жетістіктерін көрсету үшін тарту етті. Қонақтардың үлкен қызығушылығы жергілікті этномәдени бірлестіктердің көрмесі мен әсем концерті болды. «Біздің қаламызда, ондаған жылдар бойы Жетісу облысының құнарлы жері бір Отанға айналған көптеген этникалық топтардың өкілдері тату тәтті тұрады. Мұндай мерекелер бәріміздің арамыздағы бейбітшілік пен тыныштықты нығайтады», - деді Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Владимир Ли. Ең кішкентай қала тұрғындарына ерекше қуанышты мереке құрметіне жергілікті шеф-аспаздар дайындаған үш метрлік үлкен торт пен мега-пицца себеп болды. Облыс әкімі Амандық Баталов азаматтарға құттықтау сөз сөйлеп, әрбір қаланың басты байлығы - онда тұратын және жұмыс істейтін адамдар екенін атап өтті. «Осы мүмкіндікті пайдаланып, қымбатты отандастарыңызға, Талдықорғанның өміріне үнемі қолдау көрсетіп, шынайы қатысушылықтарыңыз үшін алғыс айтамын. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында біздің облыс орталығымыздың бейнесі өзгеруде: жаңа ғимараттар, көшелер мен аулалардың саны артып келеді, саябақтар мен бақшалар жасыл бауларға айналып, инфрақұрылым нығайып жатыр, үлкен әлеуметтік нысандар салынуда: балабақшалар, мектептер, ауруханалар», - деді А.Баталов.
