Мазмұнға өту
Обложка сообщества Новости

Теміртаудағы газ «жарылысы»: жаңа мәлімет айтылды

Теміртаудағы үйлердің бірінде газ «жарылғаннан» кейін 19 тұрғын политехникалық колледж жатақханасына орналастырылған. Тұрғындарға пәтеріне ең қажетті заттары және құжаттар үшін ғана кіруге рұқсат етіледі.

«Мысығым бір жақта, итім бір жақта, күйеуім екеуміз осындамыз, балам ағамның үйінде. Жаңа ғана барып, сұрадым: «Үй жабдықтарын алуға рұқсат бересіздер ме?» деп. Олар «жоқ, тек қажетті заттарды. Кінә жарылыстан екені дәлелденсе, иә, шығынды өтейміз. Ал егер үй құлап қалса, шығынды өтемейміз» деді», - дейді үй тұрғыны Анна Майжалова.

Тұрғындар кешеден бері пәтерлерге кіре алмай отыр. Оқиға орнында арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр, кіреберіс есіктер жабық. Бір күннен кейін оларға ең қажетті заттарды алуға рұқсат берілген, бірақ тек бір отбасы мүшесі кіре алады. Ол арнайы баскиім киіп, құтқарушылармен бірге жүруі керек.

Төтенше жағдайлар қызметі мәліметінше, газдың «жарылуы» үшінші қабатта болған. Төрт пәтер толығымен қирап қалды.

Фото алынды aif.by

0
0
232

Осы тақырып бойынша