Мазмұнға өту
Обложка сообщества Мемлекет

Тіл – достатықтың символы: Ақмола облысында 50-ден астам этномәдени ұйым бар

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Төртінші индустриалды революция жағдайында жаңа даму мүмкіндіктері» атты Жолдауында «елдің әлеуметтік-экономикалық жетістіктерінің негізі азаматтық бейбітшілік, ұлтаралық және конфессияаралық келісімдер болып табылады, ол біздің басты құндылығымыз болып қала береді» деген еді. Шынында да, бұл құндылықтарсыз ел үшін табысты және тұрақты болашақты елестету қиын, өйткені жолдаудың басты мақсаты этносаралық және конфессияаралық келісімді, азаматтық бейбітшілікті, қоғамдағы ұлттық бірлікті қамтамасыз ету болып табылады. Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ғылыми-аналитикалық орталық ғалымдар, мұғалімдер, аймақтық этносаясатты өңірде жүзеге асыруды қамтамасыз ету, жастарды патриоттық тәрбиелеу, мемлекеттік тілді насихаттау, білім беру жүйесі арқылы толеранттылықты қалыптастыру үшін өңірлік жиналыс, ғылыми ұйымдардың мүшелерін біріктіру бойынша жүйелі жұмыс жүргізеді.  Облыс тұрғындарының қоғамдық келісімін қамтамасыз ету, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, жалпы халықтық құндылықтарды нығайту қазақ халқының және мемлекеттік тілдің рөлін көтеру осы ұйымдардың басты мақсаты болып табылады. Осы мақсаттарды жүзеге асыруға Ақмола облыстық кеңесі ардагерлерді, жастар ұйымдарын, үкіметтік емес қоғамдық бірлестіктерді белсенді тартады.

0
0
243

Осы тақырып бойынша

Тіл – достатықтың символы: Ақмола облысында 50-ден астам этномәдени ұйым бар - Yvision.kz