Мазмұнға өту
Обложка сообщества Астана жаңалықтары

"Туысқаның жол апатына ұшырады" деген алаяқтық схемамен жұмыс істеген курьер сотталды

Соңғы уақыттары телефон алаяқтарының азаматтардың ақшалай қаражарттарын иемденіп алу үшін курьерлерді пайдалануы жиілеп кетті.

undefined

Телефон алаяқтары өздерінің нұсқауы бойынша әрекет ете отырып, оларға белгілі бір ақыға қылмыстық жолмен алынған қаражатты аударып беруге тиіс курьер қызметін түрлі сайттар арқылы ұсынып отырған.

Үкімде келтірілгеніндей, телефон алаяғы жәбірленушіге оның қызының адам өліміне алып келген жол-көлік оқиғасын жасағанын және істі оң шешу үшін оған ақша аудару қажет екенін айтқан.

Осындай схема бойынша 2 адамды алдап, 1 млн теңгеден астам қаражатты иемденіп алған.

Курьер ретінде елорданың 27 жастағы тұрғыны жұмысты Telegram-арнасы арқылы  хабарландырудан тауып, қылмыстық топпен сыбайластық әрекетке барған.

Келіншек ақшаны алып, өзіне соның10% қалдырып, қалған соманы белгісіз тұлғалардың есеп-шотына жіберіп отырған.

Сот үкімімен сотталушы жәбірленушілердің пайдасына материалдық шығынды өндірумен сотталды.

Үкім заңды күшіне енді.

Қылмыстық топтың сыбайластарына қатысты, оның ішінде, қылмысты ұйымдастырушыға қылмыстық іс жеке өндіріске алынып, оны анықтау және одан әрі қылмыстық жауапкершілікке тарту бойынша барлық шаралар қабылдануда.

Астана қаласының прокуратурасы азаматтарды мұқият болуға және өзінің ақша қаражатын бейтаныс адамдарға бермеуге, мұндай фактілер туралы дереу полицияға хабарлауға шақырады.

Астана қаласының прокуратурасы

0
0
330

Осы тақырып бойынша

"Туысқаның жол апатына ұшырады" деген алаяқтық... - Yvision.kz