Ұлттық Құрылтай: Қазақстанның 2029 жылға дейінгі даму жоспары
Бұған қоса, қазір тағы 5 заң жобасы, атап айтқанда:
- Археология саласына қатысты;
- Арнайы қажеттіліктері бар балаларды кешенді қолдау туралы;
- Ғылым қалашықтарын құру туралы;
- Коммерциялық емес ұйымдар туралы;
- Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы заң жобалары
Оларды да қабылдау жоспарланып отыр. Ұлттық құрылтай ел дамуына қатысты ұзақ мерзімге арналған күн тәртібін қалыптастыратын маңызды құрылымға айналды.
Атап айтқанда, Үкімет Құрылтайдың үшінші отырысының қорытындысына сәйкес 2029 жылға дейінгі ұлттық инфрақұрылым жоспарын бекітіп, жүзеге асырып жатыр.
Ал құрылтайдың 4-ші отырысында Мемлекет басшысы Тәуелсіздіктің 40 жылдығына дейінгі ел дамуының бес басым бағытын айқындап берді. Бұл – цифрландыру және жасанды интеллект, көлік және транзит, энергетика, агроөнеркәсіп секторы және адам капиталы.
