Мазмұнға өту
Обложка сообщества Без границ

Үйде көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтер

2022 жылдың 11 айында мұндай қызмет 4119 алматылыққа үйлерінде көрсетілді

Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемі тізімінде 8 түрі бар: әлеуметтік және тұрмыстық; әлеуметтік-медициналық; әлеуметтік-психологиялық; әлеуметтік-педагогикалық; әлеуметтік-еңбек; әлеуметтік-мәдени; әлеуметтік-экономикалық; әлеуметтік-құқықтық қызметтері

Үйде күтім жасауда тегін арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін алуға кім құқылы? Бұл бірнеше санаттар:

1) Нейропсихиатриялық патологиялары және тірек-қимыл аппаратының бұзылыстары бар мүгедек балалар

2) Жүйке-психиатриялық аурулары бар 18 жастан асқан мүгедектер

3) Бірінші және екінші топтағы мүгедектер

4) Жасы ұлғайғандықтан өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын адамдар

Ол үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік мекемесіне немесе Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдіктеріне (көрсетілетін қызметті берушіге) құжаттар тізбесін ұсыну қажет

Құжаттарды қарау және нәтижелерді шығарудың жалпы мерзімі 14 жұмыс күнін құрайды

Әлеуметтік қызметкер жазбаша өтініш пен құжаттарды қабылдағаннан кейін көрсетілетін қызметті берушінің тапсырмасы бойынша 10 жұмыс күні ішінде арнайы әлеуметтік қызмет қажеттілігін анықтауға және тиісті қорытынды дайындауға, сондай-ақ тұрғын үй-материалдық жағдайына сараптама актісін жасауға міндетті

ОҢТҮСТІК ЕЛОРДА 1 ҚАРАШАҒА ЖҰМЫСҚА ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ мәліметтері бойынша 4119 АЗАМАТТАРҒА ҮЙДЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН

Оның ішінде 446 мүмкіндігі шектеулі балаға, 18 жастан асқан тұлғаларға «Аяла» қоғамдық қызмет көрсету орталығы» (Райымбек даңғылы, 176а) және қаланың батыс бөлігінде (5ы.а. 19үй) орналасқан «Парасат» қоғамдық қызмет орталығының әлеуметтік қызметкерлері үйде арнайы қызмет көрсетті

663 мүмкіндігі шектеулі бала, 18 жастан асқан тұлғалар Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының алты аудандық бөлімшелеріндегі 13 әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерінің қызметкерлерінің арқасында үйінде арнаулы әлеуметтік қызмет алды

Сондай-ақ аудан әкімдіктеріне қарасты 30 үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімдері осы кезеңде жалғыз тұратын 3010 зейнеткер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы қызмет көрсетті

«Жас дәрігерлер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі, «Ұлттық дәрігерлер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі секілді үкіметтік емес ұйымдары арқылы артериялық гипертензия және жеңіл танымдық бұзылыстары бар күндізгі бөлімшелердегі («қарттарға арналған балабақша») 194 қарияға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілгенін атап өткен жөн

0
0
266

Осы тақырып бойынша

Үйде көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтер - Yvision.kz