Қысқа дайынсыз ба?(тұмауға қарсы тұру туралы пайдалы кеңес)
Көп жағдайда адам баласы қыс мезгілінде ауруларын асқындырып алып жатады. Солардың бірі тыныс жолдарының жұқпалы вирустық ауруы - тұмау. Тұмаудың әлемді дүр сілкіндірген бір түрі- COVID-19 жұқпалы ауруы. 2019 жылдан бастау алған бұл аурудың белгілері тұмаумен ұқсас болып келеді. Бұл ауру түрлері қазан айынан басталып, мамыр айына дейін созылуы мүмкін. Тұмаудың алғашқы симптомдары: бұлшық еттің ауырсынуы, қалтырау, тез шаршау. Одан кейін құрғақ жөтел мен мұрынның бітелуі, тамақтың жыбырлауы пайда болады. Тамаққа тәбетіңіз болмай, әлсіреуіңіз мүмкін.
Ал тұмауға қалай қарсы тұруға болады?
Біріншіден, дене температурасы 38,5 градустан асса ғана дәрі қабылдаған дұрыс. Себебі, бойымыздағы антидене антигендерді тауып олармен өздігінен күресуі керек. Егер, дене қызуы 38,5 градустан асса демек, антинелерге көмек ретінде витамин немесе қажетті дәрілерді жібереміз. Температураның түсуіне тағы бір шара ол суды көп мөлшерде қабылдау. Қазіргі ата-аналар балаларына дәрі-дәрмектің орнына суды берудің арқасында аурудың бетін қайтарып жатыр. Себебі, су-организмдегі интоксикацияны тоқтатып, ауруды жеңуге көмектеседі.
Екіншіден, тамағыңызға ингаляция жасаңыз, Ингалятор - вирусты жоюдағы ең таптырмас құрал болып есептеледі. Ингаляцияны күніне 2 рет жасасаңыз, 3 күнде-ақ жақсы әсерін байқайсыз. Мұрын, тамақ жолдарын тазалап, микроптарды өлтіреді. Будың күшімен немесе сығылған ауамен дәрілік заттар ингалятор арқылы ауру адамның тыныс алу жолдарына түседі.
Әдетте мен ауырғанда тамағымды ерітінділермен шаямын. Тамағыңыз ауыра бастағанда, ас содасының ерітіндісімен тамақ шайған дұрыс. Ас сода ерітіндісі микробтардың 70 пайызын өлтіріп, тұмауды басынан-ақ жаза алады. Бастысы соданың судағы концентрациясы. 1 ас қасық ас содасын 1 стақан суда ерітіп, күніне 2-4 рет шайыңыз.
Тұмауды алдын алу үшін иммунитетіңізді көтеретін дәрумендерді қолданғаныңыз жөн. Мысалға C дәруменін алайық. Ол көбінесе цитрусты жемістердің құрамында болады және дәріханалардан таблетка түрінде кездеседі. Ауырып жатқан адамға лимон қосылған шәй берсеңіз, организм вируспен жақсы күресетін болады. Сондай-ақ қарапайым терезені ашып, ауаны тазартып алу да, науқастың тезірек жазылып кетуіне өзіндік үлес қосады.
D дәрумені сүйекті қатайтып қана қоймай, иммунитетті нығайтуға көмектеседі. Ол ағзада жеткілікті мөлшерде болу үшін күн астында көбірек жүру қажет. Еліміздің кей қалаларында шуақты ауа райы көп бола бермейді. Әсіресе, күз, қыс мезгілдерінде. Мұндайда Д дәруменін дәріханалардан сатып алуға немесе белгілі бір тағамдарды тұтыну арқылы алуға болады.
Ал сіз күн шуағына жиі шығасыз ба?
Тұмауды жұқтұрмас үшін науқас адамдардың жанында табылмаған жөн. Науқаспен байланыста болғанның өзінде бетперде тағып, дезинфекциялық шараларды жасау керек.
Бұл салада дәрігерлердің алатын орны ерекше. Сондықтан өз денсаулығымыз үшін дәрігерге уақыты қаралуымыз, көптеген аурулардың алдын алады.
Кейде қолда бар алтынның қадірін біле бермейміз. Басымызға іс түскенде ғана ойлана бастайтынымыз. Сондықтан ең басты байлығымыз денсаулығымызды бірінші орынға қоюымыз керек. Әр адам өз ағзасын естіп, уақытында ем алса, денсаулығымыздың мықты болары сөзсіз.
