Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qaz

Ыстамбул – әуеспоттингпен айналысуға керемет жер!

Ыстамбұл қаласы Азия мен Еуропаның ортасында. Бір бөлігі Еуропаға жатса екінші бөлігі Азияда орналасқан. Дүние жүзінің түпкір түпкіріне әуемен саяхаттауға географиялық тұрғыда өте қолайлы орналасқан. Ыстабұлда екі Халықаралық Әуежай бар. Әлемге әйгілі Ататүрк пен Сабиха Гөкчен. Ататүрк Ыстамбұлдың Еуропалық жағында орналасса Сабиха Ыстамбұлдың Азиясында орналасты.

Біз Бишкек қаласынан Сабиха әуежайына қондық. Алайда бұл жерде әуежай аймағынан тыс жерден споттингпен шұгылдану өте қолайсыз. Бір жағынан түсіретін орындардын болмауы, екіншіден бұл әуежай халықаралық болғанымен, бұл жерде жергілікті Pegasus Airlines пен Turkish Airlines басым. Ал қызықтың көкесі Ататүрк әуежайында.

Ататүрк әуежай маңында споттерлерге лайықты Flyinn сауда орталығы орналасқан. Бұл сауда орталығында арнайы балконнан Ататүрк әуежайына қонып кеткен ұшақтарды түсіруге өте қолайлы.

Деген мен бұл жерден тек түстен кейін түсіруге болады, түске дейін күнге қарама қарсы болып келеді.

Түске дейін мармара теңіз жағалауынан керемет суреттер түсіруге болады.

Ал Ыстамбұл споттингке керемет жер екеніне күманіңіз болмасын. Бір күн барысында мен бұдан бұрын түсірмеген 40 шақты әуекомпаниялардың ұшақтарын түсірдім. Назарларыңызға ұсынайын

1. TC-LER
Бул Airbus A310 23 жасар жүк тасымалдаушы ұшақ. Бұдан бұрын Аэрофлот, Emirates, Kuzu Airlines Cargo компанияларында қызмет еткет. Қазіргі кезде бұл ULS Airlines Cargo-ға жұмыс істеуде. 

2. Ал мынау болсы, жасы 6 жасқатолмаған Боинг 738 Next Gen. Egyped Air компаниясына қызмет көрсетуде.

3. TC-ETM Atlas Global
Бұл болса 19 жасар ұшақ. Ұшу барысында біраз әуекомпанияда болған.
19 жыл ішінде бұл ұшақ 11 рет компаниялар арасында болды.

4. G-EUYH Airbus A320
5.5 жыл British Airway компаниясында қызметте

5. Су жаңа Airbus A320 VQ-BSJ (1,5ж) Aeroflot

6. Үш жасар TC-MCZ MNG Airlines

7. D-AIPD 26 жасар Lufthansa

8. A6-AFB 6 жылдық Airbus A330
туғанынан Etihad Airways компаниясына жұмыс істеуде.

9. A7-ACA Qatar Airways 14 жасар

10. YI-ARA Iraqi Airways 3 жылдық нәресте

11. UR-EMA Ukraine International Airlines Embraer E190 3жасар

12. 16 жасар EI-IKB ALITALIA Airbus A320

13. JY-AYR Royal Jordanian Airline өзі 4 жасар. Ливреясы өзіме өте ұнайтындар тобында. (Бұдан бөлек арқы кадрде ұшақты көруіңіз әбден мүмкін)

14. Saudi Arabian Airlines HZ-AQI Airbuas A330 2 жасқа толмаған

15. Бес жасар Asiana Airlines Airbus A330 HL7794

16. Осыны уайымдап едім. Үмітімді ақтады. VP-BBR azerbaijan airlines Әйгілі Боинг 787 Дримлайнер

17. HZ-AKI Boeing 777 Saudi Arabian 18 жасар

18. Ал мынау да таң қалдырды. Кезінде ALITALIA атымен ұшқан Embraer135 қазіргі кезде Dniproavia әуекомпаниясына қызмет етуде. 16 Жасар.

19. Жасы 15 асса да. Бұл Airbus A319 AirFrance компаниясына қызметте.

20. 15 жасар Royal Air Maroc Boeing 737

21. AIR Arabia да болған Airbus A320 қазіргі кезде Rossiya да. 9 жасар.

22. 6 жасар Aegean Airlines Airbus A320

23. 8 жасар Airbus A319 Iberia

24. Сербиалық Air Serbia A319 YU-API. Жасы 19 да.

25. Boeing 767 British Airways. 17 жастан асты.

26. Әлемге әйгілі KLM компаниясынын 15 жасар Boeing 737

27. 19 жасар Air Moldova. Airbus A320

28. Жас нәресте. 2.5 жасты Airbus A320. Afriqiyah Airways.

29. 25 жасар Airline Egyptair. Boeing 737

30. 5A-LAP 2.5 жасты Airbus A320. Libyan Arab Airlines.

31. 15 Жасар Lufthansa Airbus A321

32. Жеке ұшақтар да осы аэропорттан ұшады. TC-DIA Embraer E135 2.4 жаста

33. 4 жасты Embraer E190. LOT Polish Airlines

34. 19 жасар Airbus A320. Swiss International Airlines.

35. Emirates 10 жасар Boeing 777

36. Turkish Airlines сыз болмас. 7 жасар Boeing 737

Айтпауға болмайтын жағдай. Turkish Airlines ұшақтарының бәрін болмаса да, біразын түсірдім.

Назарларыңызға рақмет!

5
2
1416

Осы тақырып бойынша

Ыстамбул – әуеспоттингпен айналысуға керемет жер! - Yvision.kz