Қызылордада белгісіз біреулер үш оқушының аяқтарын кескілеп кеткен
Оқиға бүгін түнде №263 мектептің жанында болыпты.

Көрнекі фото: nur.kz
Қызылордада түн жарымда білгісіз біреулер 9-сынып оқушыларының аяқтарын кескілеп кетті. Негізі төрт адам зардап шеккен. Олардың біреуі 18 жаста екен.
Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер медициналық көмек көрсеткеннен кейін оларды үйлеріне жіберген.
Қазір Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (атыс қаруын, газды қаруды, пышақтарды, кастеттердi және өзге де суық қаруды не денсаулыққа зиян келтiру үшiн арнайы лайықталған басқа да заттарды қолданып немесе қолдануға тырысып жасалған іс-әрекеттер) бойынша іс тергеліп жатыр.
