Қызылордада УЕФА талаптарына сай келетін жаңа стадионның іргетасы қаланды
Халықаралық стандарттарға сай келетін жаңа стадион Қызылорда қаласының сол жағалауына салынбақ. Оның іргетасын қалау рәсіміне облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысты.
"Мереке күні өздеріңізбен бірге халықаралық талаптарға сай келетін, 10 мың орындық жаңа стадионның іргетасын қалаймыз. Тәуелсіздік жылдарында елімізде заманауи екі стадион, яғни «Астана арена» мен «Түркістан арена» ғана салынған. Қызылордадағы Ғани Мұратбаев атындағы орталық стадионның салынғанына 60 жылға жуықтады. Стадион УЕФА талаптарына сәйкес келмейді. Сондықтан, біздің сүйікті командамыз «Қайсардың» жанкүйерлерінің ұсынысымен жаңа стадион салуға шешім қабылдадық", деді Нәлібаев.
BEK Sport телеграм-арнасының хабарлауынша, жаңа нысанның құрылысына 21 млрд теңге бөлінген.
"Ал, Сыр елі, құтты болсын! Құрылыс тоқтап қалмай, тезірек бітсін", - деп жазды BEK Sport.
