З.Шаукенова: Қазақстан қазіргі заманғы дамудың барлық тәуекелдерін ескеруі керек
Бүгін әлемде байқалып отырған дағдарыс құндылықтарына ҚР Президентінің Манифесті қалай әсер ете алатынын ҚР БҒМ саясаттану және дінтану, философия институтының директоры Зарема Шаукенова Астанада «Н.Назарбаевтың «Әлем. XXI ғасыр» манифесті» саясаттанушылардың халықаралық конгресінде айтып өтті.
«Әлемдегі жағдай өте күрделі: бір дау бәсеңдей түссе, екіншісі өршіп жатады. Бұл даулар мен лаңкестіктің, көші-қон дағдарысының ішінде «Әлем. XXI ғасыр» Манифесті үміт отын жаққандай», - деді З.Шаукенова.
4 жыл бұрын Елбасы өзінің халыққа Жолдауында қазіргі заманғы даму тәуекелдерін атап өткен болатын.
«Оның ішінде Нұрсұлтан Назарбаев адами өркениет құндылығын атап өтті. Дағдарыстың әсерлері Араб әлемі мен Таяу Шығыстағы келеңсіз жағдайлар болып отыр. Сарапшылар өркениеттің қақтығысы туралы айтып отыр. Бұл тек дәстүрлі желі бойынша ғана емес: ислам және христиан әлемі, Шығыс-Батыс, Шығыста да белең алуда. Азиядағы ұрыс тасы Солтүстік Кореядағы ядролық сынақтардың қолданылуы болып отыр. Діннің жағдайы дағдарыс құндылығының маңызды бір бөлігі болып отыр», - деді З.Шаукенова.
З.Шаукенова айтып өткендей, әлем өңірлерінің арасындағы алшақтықтың салдары өте үлкен шығынға әкелуі мүмкін.
Ол айтып өткендей, дағдарыс әлеуметтік тұрақтылыққа әсер етеді.
Айта кетейік, Астанада «Н.Назарбаевтың «Әлем. XXI ғасыр» манифесті» саясаттанушылардың халықаралық конгресі өтті. Оның жұмысына Ресей мен Қытайдың сарапшылары мен ғалымдары, отандық саясаттанушылар, ғылыми-сараптамалық орталықтардың мамандары, профессорлар мен жоғарғы оқу орындарының оқытушылары қатысты.
Сонымен қатар, осы жиында А.Бижанов ҚР Президенті әлемдік қауымдастыққа соғыстан құтылу жолдарын ұсынғанын атап отті. «Соғыс «жеңімпаздардың салтнаты болудан алыстағандықтан» Елбасы әлемдік қауымдастыққа ғылыми нақтыланған түрде адамзатқа аталмыш қауіптен құтылу жолдарын ұсынды. Құжаттың басты тезисі: соғыс жеңімпаздардың салтанаты емес.Бүгін соғыс – дау мен келіспеушілікті шешудің жол емес. Бұл тығырыққа әкелетін жағдай, онда жеңімпаз да жеңілгендер де жоқ. Өткен ғасырдың ортасында Альберт Энштейн айтқандай, әлемдік деңгейдегі кезекті қарулы қақтығыс барлық адамзатты жойып жібере алады», - деді А. Бижанов.
Манифестің басты өзегі барлық елдерге жауапкершілікті сезіне отырып даулы мәселені бейбіт және келісушілік арқылы жүзеге асыру болып табылады.
«Президент барлық мемлекет өкілдерінің қатысуымен диалог құруға шақырады. Диалог саясатының негізінде үздік гуманистік идеяларды жүзеге асыру, өскелең ұрпақтың тағыдыры жатыр», - деді депутат.
Айта кетейік, Астанада «Н.Назарбаевтың «Әлем. XXI ғасыр» манифесті» саясаттанушылардың халықаралық конгресі өтті. Оның жұмысына Ресей мен Қытайдың сарапшылары мен ғалымдары, отандық саясаттанушылар, ғылыми-сараптамалық орталықтардың мамандары, профессорлар мен жоғарғы оқу орындарының оқытушылары қатысты.
Ақпарат көзі: strategy2050.kz
