Мазмұнға өту
Обложка сообщества Без границ

Өз жасыңызды мақтан тұтыныңыз

Махаббатқа барлық жастағы адамдар лайық, ал зейнетақы Қазақстанда - 63 жастан асқан ерлерге, ал әйелдерге 61 жастан асқанда ғана беріледі

2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасында 2,247 миллион адам немесе халықтың 11,3 пайызы зейнеткер, яғни біз өте жас мемлекетпіз. Салыстыра отырсақ, зейнет жасы бізден де жоғары болса да Германия мен Жапонияда зейнеткерлердің үлесі 23,2% құрайды

100 жастан асқан қарттар саны бойынша Қазақстанда оңтүстік өңірлер алдыда (әлемде де солай екен) – Түркістан облысында – 75, біздің Алматыда – 62. Ал республика бойынша барлығы 487 адам 100 жасқа дейін өмір сүрген. бұл қуантарлықтай жайт

БҰҰ-ның болжамы бойынша 2050 жылға қарай әлемдегі зейнеткерлер үлесі 22%-ға жетеді, тіпті кей жерлерде әрбір жұмыс істейтін адамға бір зейнеткер шақ келетін болады. Осылайша, Австрияда олар 41,%, Испанияда - 44,1%, ал Қазақстанда туу көрсеткішінің жоғары болуына байланысты 25,4% болады. Бүгінде ол қатарға ер адамдар 60-75 жаста енеді, ал әйелдер - әрқашанда жас!

Бірақ біз қазірдің өзінде зейнеткерлік "бум"-ға дайындалуымыз керек. Әсіресе осында, Алматыда денсаулығында ақауы бар адамдарға қызмет көрсету саласы жақсы дамыған, сол себептен бұл - еліміздің түкпір-түкпірінен келген зейнеткерлер өздерінің даналық жылдарын өткізгенді ұнататын қала.

Еске салайық, 2018 жылы Республикадағы алғашқы белсенді ұзақ өмір сүру орталығы Алмалы ауданында ашылған болатын. Бүгінде республикада 51 Белсенді Ұзақ Өмір Сүру Орталығы жұмыс істейді, оларды 2022 жылы қамтуға 2,4 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді

Бүгінде қаламызда – әрбір ауданда 9 БҰО бар. Сондай-ақ биыл КММ құқығында тағы 1 орталық ашылды. Олардың барлығы үш бағыт бойынша «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейді: белсенді ұзақ өмір сүру, денсаулық мәдениеті және қоғаммен байланыс. Олар аға ұрпақтың әлеуетін жүзеге асыруға көмектеседі, ал жақсы сұранысқа ие болу - белсенді ұзақ өмір сүру үшін ең жақсы ынталандыру болып табылады

Зейнеткерлер бұл орталықта йога, скандинавтық серуендеу, би және т.б. сабақтарына тегін қатыса алады. Әсіресе, емдік гимнастика - айкүн, қазақтың дәстүрлі жаттығулар кешендері өте танымал. Мұндай орталықтарда барлығы 23 мыңнан астам адам тіркелген

Бірақ энергиямен және жағымды эмоциялармен зарядтаудың ең жақсы тәсілі - классикалық және заманауи билер. Айтпақшы, американдық ғалымдар физикалық және тіпті интеллектуалды денсаулықты сақтауға барынша әсер ететін нәрсе - би екенін дәлелдеген

Мұнда зейнеткерлеріміз герантолог, психолог, кинезиолог (қозғалыс терапиясы) мамандарынан кеңес ала алады

Орталықтарда көптеген зейнеткерлер электронды мемлекеттік қызметтерді белсенді түрде меңгеруде. Сондай-ақ қаржылық сауаттылық және салық салу бойынша тұрақты дәрістер, «Өз шаштаразыңыз» секілді шеберлік сабақтары өткізіліп тұрады

Бұл да біздің республикада қарттарды құрметтеу, аға ұрпаққа құрмет көрсету - ұлттық болмыстың негізінде жатқан ерекше дәстүр. Әрбір азаматтың лайықты қартаюын қамтамасыз ету – мемлекеттің әлеуметтік саясатының басым бағыттарының бірі. Жалпы, біз атамыз бен әжемізді ерекше жайлылықпен қоршауға дайынбыз, бірақ мәселе аспандағы Көктөбе сияқты қаржыға тіреледі. Демек, ұран шындыққа жақын - қоғамның мүмкіндігіне қарай

Біріншіден, ақша туралы – 2030 жылға дейін бастапқы зейнетақының мөлшері жыл сайын инфляция деңгейіне, ынтымақты зейнетақы – ресми инфляцияға + 2% деп индекстелетін болады. Мысалы, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап бастапқы зейнетақының мөлшері 5%-ға, ал ынтымақты зейнетақы 7%-ға ұлғайтылды. 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап олар қосымша 4%-ға индекстеледі. Осылайша, бір жыл ішінде зейнетақы 9-11 пайызға өсті. Ағымдағы жылы қарттарды әлеуметтік қолдауға бюджеттен және кәсіпкерліктен 4,7 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді

Осылай, Астанада 1 қазанға дейін әрбір зейнеткерге 8 мың теңге берілді. Айтпақшы, алматылық зейнеткерлердің төлемдері бюджетте қарастырылмаған. Неліктен? Қаламыздағы ардагерлер кеңесінің төрайымы Ахан Бижанов айтқандай, алматылық қарттарға зейнетақыдан бөлек 13 түрлі қаржылай көмек көрсетіледі

Сонымен қатар қаламызда зейнеткерлермен жеке жұмыс жүргізіледі. Тек 2021 жылы "қарттар айында" әкімдіктер мен кәсіпкерлер 200 миллион теңгеге көмек көрсетті. Биыл да жомарт кәсіпкерлер мен жергілікті билік тарапынан алматылық қарттарға қомақты қаржылай және басқа да материалдық «мақсатты» көмек көрсетілді

Жалпы, Алматыда аға ұрпақтың өмір сүруіне барынша қолайлы жағдай жасауға тырысуда. Бұл - медициналық көмек көрсету, кедергісіз орта құру, спорт, арнайы қызметтер және т.б.

Уақыт келіп, бәріміз де ата-әжелер санатында боламыз. Ал бүгін оларды қандай өлшеммен өлшесек, дәл солай уақыты келгенде бізді де өлшейтін болар

0
0
873

Осы тақырып бойынша

Өз жасыңызды мақтан тұтыныңыз - Yvision.kz