Мазмұнға өту
Обложка сообщества Политика

Өз жолыңды таңдау

Сондықтан да Қазақстан халқы республика Президентінің Жолдауын соңғы кездегі осы дүмпулерден кейін өздерін мазалаған сан түрлі сауалдарға жауап алу үшін күткені рас.

БҰҰ-ның беделі мен рөлін, әлем елдерінің егемендігінің, аумақтық тұтастығының кепілі ретіндегі халықаралық құқықты төмендету, керісінше, әскери күш пен мәжбүрлеу тетіктерін күшейту үдерісімен байланысты Қазақстан төңірегіндегі қауіптерді де назардан тыс қалдыруға болмайды. Тәуелсіздік алған 30 жыл ішінде билік үшін халыққа уәде беруден асқан психологиялық қиын кезең болған емес деп айта аламыз. Десе де, Қазақстан Президенті бұрынғыдай барлық мемлекеттік құрылымдардың арасында саяси жүйені трансформациялау міндеттерін талқылау, мемлекеттік басқару мәселелерін тану, билік пен қарапайым халықтың байланысын қалпына келтіретін, тұтастай алғанда, Қазақстанның болашағына жауапты басты тұлға болып қала бермек.

Ғаламторда, әлеуметтік желілерде зейнет жасы, жалақы, әскер, сыбайлас жемқорлармен күрес туралы ақпараттың жоқтығы туралы көптеген сын-пікірлерге қарамастан, оның оңды тұстарын да айта кеткен жөн. Жолдаудың ең маңызды бөлігі саяси реформаларда айтылғандай Қазақстанды «суперпрезиденттік» мемлекеттен жаңа және өтпелі мемлекетке айналдыру болды. Осылай 2022 жылға дейін жасалуы керек уәде ақыры Президенттің өз аузынан айтылды.

Қ. Тоқаевтың Қазақстан халқы мен депутаттар алдында «Қанды қаңтар» кезінде жұртшылықтың жаппай көшеге шығып, наразылық білдіруінің себептері туралы айтқаны бұрынғы ақпараттарға қайшы келеді. Егер бұған дейін бұл сыртқы күштерге қатысты тікелей айыптаулар, шетелдік террористердің әрекеттері, сырттан келген арам пиғылдылардың қастандығы делініп келсе, ал жолдауда ол жайында мүлдем басқаша жауап алды. Яғни, көпшілік мемлекет басшысының пікірінің өзгергенін байқады. Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев «Қанды қаңтар» оқиғасы Қазақстанда дұрыс реформалардың қабылданбауының кесірі екенін және оған сыбайлас жемқорлық пен непотизм әсер еткендігін бірнеше рет мойындады. «Мен біздің елімізге әлі де түбегейлі реформалар қажет екеніне нық сенімдімін. Әйтпесе, тоқырау болады ... Ал, қаңтардағы оқиғалар белгілі бір дәрежеде тоқыраудың салдарын анықтап берді.».

Қ.Тоқаевтың сөзінде «Қанды қаңтар» оқиғасына кінәлілердің аты-жөні атамағанымен, оған нақты кімдердің қатысы бары барша жұртқа белгілі «Бүгінгі таңда бүкіл қоғам үшін қаңтар айындағы оқиғаларда ең маңызды роль атқарған саяси және экономикалық қызметті монополиялау екені белгілі болды»

Мемлекет басшысы Қазақстанның болашағы туралы сөзінде елдегі қазіргі режимді «суперпрезиденттік басқару нысаны» ретінде жұмсақ түрде айтты. Болашақта билікті Парламент пайдасына қайта бөлу билік арасындағы жаңа тепе-теңдікті құрудың негізгі тетігі деп аталды. Бұл биліктің үш тармағын толық ажыратып, президентті тек атқарушы биліктің басшысы етіп бекітеміз деген уәде емес екені анық.

Бірақ Қ.Тоқаев президенттігінің әлсіреу үрдісі мүмкін оның билігінің екінші мерзімінің соңында белең алады, деп болжауға болады. Сондай-ақ, Қазақстанның жаңа тарихында алғаш рет президенттік басқару мерзімі туралы Конституцияны өзгертпеу және бұзбау туралы уәдесі берілді. Алғаш рет президенттік биліктің ары кетсе екі мерзімнен асып кетпеу қажеттігі мен елдегі ең жоғары лауазым болып табылатын президент сайлауының болжамды уақыты туралы айтылды.

Қ.Тоқаев элита мен халық алдында демократия қағидаттары мен Қазақстан Конституциясын сақтауға кепілдік берді.Қазіргі уақытта мемлекет басшысының реформалар жүргіземін деген уәделерін халық болашақтағы өзгерістердің дәлелі ретінде қабылдап жатыр. Оған «Бүгінгі күні сөз жүзінде бәрі президентпен ғана шектеліп отыр, менің ойымша, бұл дұрыс емес. Біз бұл тәжірибеден біртіндеп бас тартуымыз керек»,-деуі дәлел. Бұрынғы «Нұр Отан» саяси партиясы болса, мемлекет басшысының Қазақстандағы саяси режимді өзгерту туралы айтқан ұсыныстарына қарай икемделіп, өзіндік іс шаралар қабылдай бастайтыны анық.

Президент еліміздің мемлекет басшысының «Нұр Отан» – «Аманат» партиясына мүше болу дәстүрін тоқтатты. Сайлау комиссиясы, Есеп комитеті мен Конституциялық кеңестөрағалары мен облыс әкімдерінің де саяси партиялардың құрамына кірмейтінін және оның мүшесі болып табылмау қажеттігін ескертті. Бұл шешім шын мәнінде, шынайы биліктің талаптарына сай келеді.

Сонымен қатар, жолдаудағы ең маңызды сәттердің бірі шенеуніктердің, басшылық қызметтегі адамдардың, депутаттардың, саяси партиялардың беделі төмен екендігін мойындағаны және олардың халықтың сенімінен мүлдем айырылғаны туралы айтқаны болды. Тіркеуге арналған шектеулер мен лимиттерді төмендетуге, саяси партиялардың қызметіне, парламент пен мәслихат депутаттарын мажоритарлық жүйе бойынша сайлаудың бұрын таратылған тәжірибесін қалпына келтіруге қатысты бастамалар халықтың билікпен байланыс арналарын қалпына келтіру шаралары болып табылатыны анық. Мұндағы түйіткілдердің барлығы тұрғындар арасында шенеуніктердің беделі, мемлекеттік билік пен саяси партияларға деген көзқарасына қатысты жүргізілген әлеуметтік сауалнамалардан көруге болады. Соның нәтижесі талай жайттың бетін ашып бергені белгілі.

Қоғам мен билік арасындағы қарым-қатынастың қазіргі жағдайы қауіпті. Сондықтан, көпшіліктің алаңдаушылығын туғызып отыр. Әлбетте, шенеуніктердің, депутаттардың халық алдындағы оң имиджін қалпына келтіру үшін, әсіресе Қазақстанның шекаралас облыстары мен аймағында Парламент депутаттығына сайлану мүмкіндігін нақты тұлғаларға беру бойынша көп жұмыс істеуі керек. Осыдан кейін Қ.Тоқаевтың 2020 жылы айтқан ойы мен ұсынысына қайта оралуымыз керек шығар. Ол кезде президент - «Сауалнама немесе онлайн дауыс беру нәтижесінде тұрғындардың 30%-дан астамы қала немесе ауыл әкімін тиімсіз деп есептесе, бұл сол ұсыныстар мен түйіткіл мәселелерді зерделеу мақсатында президент әкімшілігінің арнайы комиссиясының құрылуына негіз бола алады», деген болатын.

Жолдауда елді елең еткізген тағы бір жайт Қазақстанның ақпараттық саласына қатысты болды. Мемлекет басшысы алғаш рет шетелдік, нақтырақ айтсақ, ресейлік БАҚ-тан келген ақпараттың салдарынан Қазақстанда халықтың санасы мен шынайы пікіріне ықпал ету тетіктері мен мүмкіндіктерін жоғалту қаупі туралы айтты.

Президент Қазақстандағы саяси реформалардың перспективаларына қатысты тағы да жалғыз «ньюсмейкер» болып қала береді деп қорытынды жасауға болады. Қазақстанның элитасымен, партияларымен, лауазымды қызметте отырған тұлғалармен тең бөлінуі тиіс міндеттер мен жауапкершілік мемлекет басшысының бастамалары аясында ғана орындалуы тоқтаған жоқ. Әзірге айтылған идеялар мен уәделер конституциялық және заңнамалық өзгерістер аясында нақты жүзеге асады деп үміт қана бар. Бірақ, осында айтылған ұсыныстар жүзеге асқанда оның Қазақстанның саяси жүйесін одан әрі демократияландыру жолында сенімді іргетасы болары анық.

A+ Analytics

0
0
402

Осы тақырып бойынша