Мазмұнға өту
Обложка сообщества Мемлекет

Өзбекстан қазақ тілін үйренеді

Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы этнос аралық қатынастар және достық қарым-қатынас комитеті Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес елдерінің ұлттық мәдени орталықтарының форумы шеңберінде Қазақстандағы өзбек тілін және Өзбекстандағы қазақ тілін үйренуге бірлескен көмек көрсету туралы меморандумға қол қойды.

«Келесі жылы Өзбекстанда Қазақстан жылының болатындығын ескере отырып, біз осы меморандум аясында бірқатар маңызды іс-шараларды жоспарладық, жол картасын құруға келістік, барлық жоспарланған іс-шаралардың орындалуы қатаң бақылауда болады. Тарихты зерттеу, суретшілердің, өнер академиясының бірлескен қызметіне арналған бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Меморандум Қазақстанда өзбек тілін және Өзбекстанда қазақ тілін үйренуге біріккен көмек көрсетуді көздейді. Бізде қазақ тілін оқытуға арналған 100-ге жуық мектеп, педагогикалық жоғары оқу орындарында қазақ тілі мұғалімдерін даярлау үшін үш факультет бар, ал Қарақалпақстанда тек тіл ғана емес, сонымен қатар қазақ мұғалімдері математика, физика және басқа пәндер бойынша білім алады. Меморандум осы жұмысты кеңейтіп, оларды жаңа мазмұнмен қанықтырады», - деді Өзбекстан Республикасының Министрлер Кабинетінің этнос аралық қатынастар және достық қарым-қатынас комитетінің төрағасы Рустам Курбанов.

Ол меморандум іс жүзінде қазірдің өзінде жүзеге асырылып жатырқан іс-шараны заңды түрде бекіткенін айтады.

«Біз екі бауырлас халықтармыз, дініміз бір, біз бір отбасы сияқты өмір сүріп келдік, солай өмір сүрудеміз. Қазақстанда 400 мыңға жуық өзбектер тұрады. Өзбекстанда 450 мыңнан астам қазақ тұрады. Біздің елдерімізде тұратын барлық ұлттар мен халықтардың ортақ тұруына жағдай жасайтын дана басшыларымызға құрмет көрсетуіміз керек. Бізде Қазақстанмен ортақ мерекелер көп, меморандумға қол қою біздің қарым-қатынастарды одан да жоғары деңгейге көтеруге және оларды жаңа шығармашылық бастамамен қанықтыруға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Рустам Курбанов.

Форум аясында «Астана - Ұлы дала інжу-маржаны» атты фотокөрме және өңірлік форум қатысушыларының өнер және қолөнер көрмесі өтеді. Форумның ашылуына дейін Астананың 20 жылдығына арналған Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес елдерінің ұлттық мәдени орталықтарының қатысуымен флэш-моб ұйымдастырылды.

0
1
1501

Осы тақырып бойынша

Өзбекстан қазақ тілін үйренеді - Yvision.kz