Жақын арада баспа БАҚ «өлмейді»
Баспа басылымдары өмір сүруін жалғастыруда, тіпті айналымды арттыруын да жалғастыруда. АҚШ-тағы «Комсомольская правда» газетінің меншікті тілшісі Алексей Осиповтың айтуынша, қауіп тек трансформациядан және цифрлаудан аулақ болған БАҚ үшін ғана бар. Бұл туралы ол Алматыдағы 15-ші Еуразиялық Медиа Форум аясында айтты.
«Комсомольская правда» - бүкіл баспа үйі. Бұл тек баспа ғана емес, сонымен қатар теледидар, радио және сайт. Біз өз уақытында, сандық әлемге кірдік. Жаңашылыққа ұмтылмайтындар үшін, тырыспайтындар үшін қауіп бар. «Ескілікке қысым жасалады». Баспа БАҚ қазіргі заманғы әлемдегі медиа-нарық заңдарының ережелеріне қарамастан, жақсы өмір сүріп қана қоймай, олардың кейбірі айналымын арттырады деп сенемін. Егер қазіргі сәтте қауіп туралы айтатын болсақ, онда ешқандай қауіп жоқ деп санаймын», - деді Алексей Осипов.
Баспа БАҚ өзектілігін жоғалтпайтын бірнеше себептері бар. Осылайша, қоғамда бүгінгі таңда баспа басылымдарын оқыған адамдар санаты бар.
«Мемлекет басшылары ғана емес, сонымен қатар 50 жастан асқан адамдар, ірі компаниялар өкілдері де бізді күндерін күнделікті газет нұсқасымен бастайды, біз арнайы жерттеу жүргізіп көрдік», - деді Оспипов.
Жас ұрпақ, смартфондарды және компьютерді белсенді пайдаланатынына қарамастан, бұқаралық ақпарат құралдарына өте құрметпен қарайды.
«Екіншіден, кез-келген медиа жарнама берушіге арналған жарнамалық мүмкіндіктер бар. Интернет хош иісті жұпарды жеткізе алмайды. Газеттер мен журналдарда парфюмдер, косметика және жуғыш заттардың үлгілерін оңай орналастыруға болады. Интернет әлі де мұндай шараға қабілетсіз және менің ойымша, мұндай мүмкіндікті жарнама берушілерге әлі де ұзақ уақыт бере алмайды», - деді журналист.
