Жарқынай-Ханайым – Махаббатым сөзі
Жарқынай-Ханайым
2016 ж. "Махаббатым" әнінің сөзі

Жаралы жүректің тілі сағаттай
Үні дір еттің, неге?
Ішінде түнектің
Сынған қанаттай
Жаным жыр еттің, неге?
Қайырмасы:
Махаббатым бұлттың астында
Күнді бастың ба, құшақ аштың ба?
Өзге жанның жанын жұбатып
Сүйіп, ұнатып, мені жылатып
Кінәләп, сөктің бе
Аңсап сағыныш
Жасын төктің бе, жаным
***
Тағдырым сынғандай, ұсақталғандай
Өмір жалғандай болды
Ашылмай қабағың
Болмай амалым
Жасқа жанарым толды
Қайырмасы:
Махаббатым бұлттың астында
Күнді бастың ба, құшақ аштың ба?
Өзге жанның жанын жұбатып
Сүйіп, ұнатып, мені жылатып
Кінәләп, сөктің бе
Аңсап сағыныш
Жасын төктің бе, жаным
***
Жүрегім қансырап, ауырды жаным
Айырылған бағым бең, сағым бең
Тынысым тарылып, бақыттан айырылып
Қабырғам қайырылып қалып па ең
Қайырмасы:
Махаббатым бұлттың астында
Күнді бастың ба, құшақ аштың ба?
Өзге жанның жанын жұбатып
Сүйіп, ұнатып, мені жылатып
Кінәләп, сөктің бе
Аңсап сағыныш
Жасын төктің бе, жаным
