«Жарылғыш зат қойылған»: Талдықорғанда полицияға жалған ақпарат берген күдікті ұсталды
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түскен соң жеке құрам ғимараттан эвакуацияланған.
Оқиға орнына саперлер, кинологтар және басқа да мамандар шақырылған.
Ғимарат толық тексерілгеннен кейін ақпараттың жалған екені расталды. Көп ұзамай қоңырау шалған күдікті де ұсталды.
