Жас қазақстандықтардың 30,5% өз мамандығы бойынша жұмыс таба алмауда
Жастар ғылыми орталығының айтуынша, сауалнамаға қатысқан жастардың 29,9% -ы жаңа жұмыс табу - жастар үшін үлкен мәселе екендігін, ал жақсы жұмыс ең жағымды жағдайда алты айдың ішінде табылатынына сенімді.
«Жастардың 42,2% -ында еңбек нарығында елеулі проблемалары бар. Сонымен қатар, жастардың 30,5% өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасу кезіндегі қиындықтармен бетпе-бет келіп, қазақстандық жастар үшін «жоғары білімді жұмыссыздық» деп аталатын проблеманың өзектілігін растайды.
Сонымен бірге сауалнама барысында сауалнамаға қатысқан әрбір 11-ші адам жұмыс іздеу кезінде ешқандай қиындықпен кездеспегенін айтады.
Жұмыспен қамту орталығының айтуына қарағанда, жұмыссыздық мәселесімен көбінесе 24-28 жас аралығындағы жастар көп кездеседі екен.
Жастар еңбек нарығында әлеуметтік-демографиялық сипаттамалар - гендерлік, тұрғылықты жер, табыстылық деңгейлері және т.б. арасында елеулі қатынастар бойынша ерекшеліктер байқалмады.
Жастар орталығының директоры, саясаттану ғылымдарының кандидаты Талғат Қалиев қазақстандық жастарды жұмыспен қамтуға байланысты бірқатар проблемалық мәселелерді атап өтті. Оның айтуынша, бүгінгі күні жастар жұмысқа деген ниет білдірмейді.
