«Жас Барыс» форумы: Қазақстанның жастарын ел дамуына белсенді қатысуға шақырды
Ақтөбеде Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында жарияланған 2019 жылы Жастар жылын өткізу туралы «Жас Барыс» атты аймақтық жастар форумы өтті. Іс-шараға Қазақстан мен Ресейдегі жастар ұйымдарының белсенділері, еріктілер, ауыл жастары, колледждер мен университет студенттері, мектеп оқушылары, жастар ісі жөніндегі комитеттердің төрағалары, жас кәсіпкерлер, мүгедектер, мәдениет және спорт саласындағы мамандар қатысты.
Форумның мақсаты - Елбасы Жолдауының жастар алдында тұрған міндеттерін түсіндіру, патриотизмді қалыптастыру, гуманистік және рухани даму, жас ұрпақтың әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету. Қатысушылардың әрқайсысы үшін форум ойын ашық білдіруге болатын алаңға айналды және әр қатысушы өзіне пайдалы тәжірибе алды. Жастармен кездесуге бизнес-жаттықтырушылар Эмин Аскеров пен Альбина Салимбаева келді. Шығармашылық Академиясында өткен табысқа жету тақырыбына арналған тренингтік семинарлар жастардың өсіп-өркендеуіне себеп болды.
Форумның негізгі бөлігі өнертану орталығында өтті, залда ғылым, білім, спорт, мәдениет және жаңа технологиялар саласындағы жетістіктер көрмесі, сондай-ақ Ақтөбе дизайнерлерінің сән көрсетілімі болды. Үлкен залда жастардың әртүрлі санаттарының беделді спикерлері жастар саясатын жүзеге асырудағы жетістіктері мен проблемалары туралы әңгімелеп, өзекті мәселелерді шешуге ұсыныстар айтты.
