Мазмұнға өту
Обложка сообщества Мемлекет

«Жас Сарбаз» қозғалысының жетекшісі жастармен кездесті

Щучинск қаласында «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық қоғамдық қозғалысының республикалық штабының төрағасы, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Мұхамеджан Таласов «Жастар Отанға» жастар саяси лагеріне қатысушылармен кездесті. Кездесу Елбасымыздың «Рухани жаңғыру - патриотизм негізі» атты бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында өтті. Кездесу барысында Қазақстан Республикасындағы әскери-патриоттық тәрбие беруді жетілдіру және жастар арасындағы жас қазақстандық имиджді қалыптастыру мәселелері талқыланды. Нәтижесінде, генерал-майор Мұхамеджан Таласов жастар саяси лагеріне қатысушыларды «Жас Сарбаз» қатарына қосылуға шақырды, бұл әскери сала - өз елінің шынайы патриоттарын дайындауға арналған тамаша мектеп.

0
0
414

Осы тақырып бойынша

«Жас Сарбаз» қозғалысының жетекшісі жастармен кездесті - Yvision.kz