Жасөспірімдер кітапханасы
«Жасөспірімдер кітапханасы» сериясымен шыққан « Өлеңдер; Бата үлгілері; Мақал-мәтелдер; Ертегілер; Аңыз-әңгімелер» кітаптың авторы Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы.
Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы, қазақ тарихындағыұлы ойшылы, атақты фольклортанушы, этнограф, тарихшы, философ, дінтанушы, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің белгілі көрнекті тұлғасы. Атамыздың жеке өмірбаяны әр қилы сырларға толы.
Мәшһүр-Жүсіп атамыз 5 жастан медреседе оқиды. Сол кезден бастап баланың алғырлығы, зеректігі байқалады. Дін білімін алумен бірге ол қазақ ауыз әдебиеті мен фольклор үлгілерімен танысады. 10-15 жасынан бастап-ақ өлең жазып, хат жазарлық болғаннан-ақ Мәшһүр-Жүсіп халық әдебиетін ел аузынан да, қағаз жүзінен де жинаумен айналысады.
Қара жердің өлгені -
Қар астында қалғаны.
Асқар таудың өлгені -
Басын мұнар шалғаны.
Аққан судың өлгені -
Мұз боп тоңып қатқаны.
Ай мен күнің өлгені -
Түнеріп барып батқаны.
Өлмегенде, не өлмейді,
Ғалымның жазған хаты өлмейді,
Жақсының аты өлмейді! -
деген екен шешен сөзге бар кісілер. Бұл сөздің иесі кім екенің осы кітаптан оқып білуге болады. Сонымен бірге Жүсіп Көпеевтің аты Мәшһүр-Жүсіп деп неліктен аталып кеткенің себебі де жазылған.
