Жазғы маусымдағы ізгілік
«Шынықсаң – шымыр боласың» эстафеталық жарыстар, «Күншуақ» сауықтыру-шынықтыру орталығында жалпақ табандылықтың алдын алуға арналған жаттығулар өтті.

«Күншуақ» сауықтыру-шынықтыру орталығы.
Жалпақ табандылықтың алдын алуға арналған жаттығулар.
Мақсаты: Жалпақ табанның алдын алу бойынша ұзақ мерзімді жұмыс жоспарын негізге ала отырып жүзеге асыру, нәтижеге жету.

Балабақшамызда 13 топта 346 бала қамтылған.
Жалпақ табанның бес түрі бар: статикалық жалпақ табандар, травматикалық жалпақ табандар, туа біткен жалпақ табандар, рахиттік жалпақ табан, паралитикалық жалпақ табандар.

Балабақша ауласында 2020-2021 оқу жылында «Күншуақ» сауықтыру-шынықтыру орталығының жұмыс жоспары негізінде іс жүзіне асырылуда.
Массаж жақсы көмекші әсерге ие, қан айналымын жақсартады, бұлшық еттерді сергітеді.

«Шынықсаң-шымыр боласың» эстафеталық жарыстар.
Мақсаты: Бүлдіршіндердің қимыл-қозғалыс негіздерін игеру арқылы шынықтыру мәдениетін қалыптастыру.
Міндеттері: Бүлдіршіндердің топтық және жеке жағдайда жаттығулар шеберлігін қалыптастыру болып табылады.

«Кітап әлеміне құрмет» шағын көрме, «Бақытты балалық шақ» балалар шығармашылығынан сурет көрмесі
Мақсаты: Бүлдіршіндерді кітап әлеміне, шығармашылық сурет салу бағытына назар аудару, ұсақ моториканы сурет салу арқылы дамыту.
Жатқа өлең оқуға 3 жастан 6 жасқа дейінгі аралықта бүлдіршіндер және тәрбиешілер қатысты. Оқыған өлеңдерінің тақырыптары Отан, Алматы қаласы, Туған жер туралы шумақтар оқылды.
1. Нуртай Нурали -3 жас
2. Амантай Жанайым -3жас
3. Қасымбек Адия -4жас
4. Бауыржан Балнұр -4жас
5. Мамид Абылайхан -4жас
6. Тағайбек Көркем -5жас
7. Кемелхан Рустем -5жас
8. Мамид Дидар -5жас
9. Жамбыл Раяна -5жас
10. Жолдасбай Аяулым -5жас
11. Мухамедраим Мәруа -5жас
12. Жамбыл Дария -5жас
13. Үсен Сая -6жас
14. Марат Медина -5жас
Барша бүлдіршіндерге "Өсімдіктер әлемі " оқу әдістемелік кешеннің әңгімелері, автор Гөзел Құлжабаеваның атынан сыйға таратылды.

Маусымдық шаралар аудандық білім бөлімінің бекітілген жоспары бойынша өткізілді. Мерекелік шараға Алматы қаласы Бостандық ауданы білім бөлімінің басшысы Қасымбекова Айгуль Жумабековна, Қазақ радиосы редактор-жүргізуші Қазақстан Республикасы мәдениет саласының үздігі Гүлмира Нәлібай, Халықаралық PR сарапшы, «Өсімдіктер әлемі» оқу-әдістемелік кешенінің жауапты редакторы Батима Кабдолданова қатысты.

Дана қазақ айтқан сөзі "Жұмыла көтерген жүк жеңіл " демекші ұлттық тәрбиені нассихаттау, шымыр болу деген ұғымды күнделікті бүлдіршіндерге білім арқылы беру бізді азаматтық борышымыз. Жазғы маусымдағы шаралардың мазмұнды өтуіне ықпал еткен ұжымға, ата-аналарға, бүлдіршіндерге ылғыс айтамын. Балабақшаның әлеуметтік желідегі 90balabaksha инстаграмм парақшасына шығармашылық жазбалалар және фотосуреттер жиынтығы жүктелді.
Алматы қаласы ,МКҚК №90 бөбекжай балабақшасының меңгерушісі
Гүлімжан Жайлаубаева
#өсімдіктерәлемі #90балабақша #ГүлімжанЖайлаубаева #ГөзелҚұлжабаева #Балаларжылы #БатимаӘскербекқызы
