Мазмұнға өту
Обложка сообщества Жамбыл облысы

"Жемісі көп болсын!" Көпұлтты Оспановтар отбасы ауласына жеміс ағаштарын отырғызды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтуде.

undefined

Акцияны қолдау мақсатында Жамбыл облысының Жамбыл ауданында бірқатар іс-шаралар өткізіліп жатыр. Осы орайда бүгін «Жанашыр жан» қоғамдық қорының директоры Марат Оспановтың көпұлтты шаңырағында (барлығы 15 баланы (4-еуі грек, 2-еуі неміс, 5-еуі орыс) асырап алған) ауласын абаттандыру және жеміс талдарын отырғызу шарасы өтті.

Айта кету керек, Марат Оспанов осы жылы «Қайырымдылық керуені» VI республикалық байқауының «Туған жер» аталымы бойынша қоғамдық мәселелерді шешуде ерен еңбегі үшін Құрмет грамотасымен марапатталған. Түрлі ұлттың балаларын бауырына басып отырған отбасы көпке үлгі көрсетуде.

"Бүгін ерекше қуаныштымын. Мен бауырыма қанша бала бассам, шаңырағыма сонша береке кіретінінің бүгін тағы куәсі болдым. Бүгін ауламызға отырғызылған жеміс талдар жайқалып өсе берсін. Талдың да, тағдырымыздың да берер жемісі көп болсын", - деді Марат Оспанов.

Айта кетерлігі, акция басталғалы Жамбыл ауданының тұрғындары белсенділік танытып келеді. Дәл осындай шаралар ауданға қарасты 17 ауылдық округтегі 42 елді мекенде жалғасын тапты. Акцияға ауыл тұрғындарын да бірауыздан қолдау танытып келеді.

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Жасыл белдеу» өңірлік жоспарына сәйкес ағымдағы жылы 17 гектар жер учаскесіне 20 мың түп ағаш көшеттері отырғызылды. Оның ішінде 14 100 түп қарағаш, 4 700 түп терек, 500 түп ясень (ерен) талы, 200 түп туя көшеті егілді.

0
0
357

Осы тақырып бойынша

"Жемісі көп болсын!" Көпұлтты Оспановтар отбасы... - Yvision.kz