Мазмұнға өту
AdilNazar

Адиль

@AdilNazar

Сайтта 2014 ж. 5 тамызКазахстан, Алматы

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

2 369

жазбалар

1 424

пікірлер

6

тіркелуші

44

жазылымдар

16

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Әбдіқалықова Беларусь Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары Н.И.Качановамен кездесті

2015 жылғы 25 қыркүйек. Санкт-Петербург қаласында Еуразиялық әйелдер форумының екінші күні аясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Әбдіқалықова Беларусь Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары Н.И.Качановамен кездесті. Гүлшара Әбдіқалықова екі ел арасында жылы шырайлы, өзара сенімге құрылған қарым-қатынастың орныққан айтты, сондай-ақ екіжақты ынтамақтастықты нығайтуда Қазақстан мен Беларусь елдерінің көшбасшылары елеулі рөл атқарып келе жатқанын айрықша атап көрсетті. Тиімді серіктестіктің негізі үшін әртүрлі деңгейде қол қойылған бірнеше ондаған тараптық құжаттармен есептелетін өзара іс-қимылдың нормативті-құқықтық базасын атауға болады. Мемлекеттік хатшысы Г.Әбдіқалықова сондай-ақ, Әзірбайжан Республикасының Отбасы, әйелдер және балалар мәселелері жөніндегі мемлек…

0
0
453

Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойымен бірнші болып құттықтады...

Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойымен барша қазақстандықты бірінші болып құттықтаған еліміздің танымал қоғам қайраткерлерінің, өнер жұлдыздары мен спортшылардың лебіздерін ұсынамыз. Жандарбек Мәлібеков, ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы: Қазақ халқы кеше ғана қалыптасқан жоқ, оның тарихы өте тереңде екені белгілі. Біздің қазақ даласында ертеден сақ, үйсін, ғұн және де түрік қағанаттары өмір сүрді. Тарихымыз олармен тікелей қатысты. Одан кейін Алтынорда, оның ішінен қазақ хандығы жеке бөлініп шықты. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлытаудағы сөйлеген сөзінде айтқан мәселелердің барлығы, ол кісі ғұндардан бері, қазіргі тәуелсіздік деп келе жатқан мәселелердің барлығы халқымыз үшін маңызды, әсіресе жастар үшін терең маңызды екенін айту керек деген болатын. Ендеше Қазақ хандығының 550 жы…

0
0
818

«Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясы қызметкерлері өз жұмыс орындарын сақтайды

Халыққа қызмет көрсету орталығының базасында қайта құрылатын "Азаматтар үшін үкімет" мемлекеттік корпорациясы - жер қатынастары, жылжымайтын мүлік, әлеуметтік және зейнетақы төлемдері бойынша салада қызмет көрсететін төрт негізгі РМК-ны біріктіреді. Бұл ретте, жаңа компанияның өндірістік қызметкерлерін қысқарту жоспарланып отырған жоқ. ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Сәкен Сәрсеновтің айтуынша, мемлекеттік корпорацияны құру нәтижесінде Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы бүгінде көрсетіліп отырған 191 қызметті қоса алғанда, біріктірілген кәсіпорындардың 522 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілетін болады. "Корпорация алдында жер қатынастары, жылжымайтын мүлік, әлеуметтік және зейнетақы төлемдері саласындағы жаңа қызметтер көрсету процесстерін барынша оңтайландыру және автоматта…

0
0
658

Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналған мотошеру

Алматы қаласында ү.ж. 29 тамызда Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына байкерлердің мотошеруі басталды. Мотошерудің мақсаты - Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын еліміздің барлық аймақтарында жалпыұлттық деңгейде атап өтуді насихаттау. Аталған мотошеру Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға, қоғамды тәуелсіздік, тұрақтылық, бейбітшілік және келісімге негізделген басты құндылықтар төңірегіне топтастыруға, мерекелік іс-шараларға еліміздің барлық азаматтарын тартуға және т.б. септігін тигізеді. Аталған мотошеруді «Қазақстан географиялық қоғамының» президенті, әлемге танымал саяхатшы Д.И.Петрухин бастамасымен Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырып отыр. 29 тамызда Алматы қаласынан шыққан мотошерушілер 11 қыркүйекте негізгі мерейтойлық шаралар өтетін Астана қаласына келсе, 9 қазанда…

0
0
467

Көкшетауда «Балғын шақ» жазғы шығармашылық алаңы ашылды

Ақмола облысының білім басқармасының Ақмола облыстық шығармашыл дарынды балаларға арналған оқу-әдістемелік орталығында жаз басталғалы «Балғын шақ» жазғы шығармашылық алаңы ашылды, деп хабарлады Ақмобал облысы ІСБ жанындағы «Ақмола Медиа Орталығы». Жазғы алаңға Көкшетау қаласындағы мектеп жанындағы күндізгі лагерлердің балалары барды. Осылайша, жазғы алаң балаларға өздерінің музыкалық, зияткерлік, танымдық қабілеттерін одан ары дамытуға мүмкіндік берді. «ООӘО қосымша білім берудің әдіскерлері мен педагогтары балалар үшін қосымша шаралар өткізуде. Мәселен, Қазақстан Республикасының Рәміздері күніне орай зияткерлік жарыс өткізілсе, Есірткімен күрес күніне орай акция, Астана күніне орай «Достар дауысы» вокал байқауы мен «Астана арман қала!» асфальтқа сурет салу конкурстары ұйымдастырылды. Жаз…

0
0
763

«Алматы – Жетіген – Достық» бағытындағы пойызды іске қосу үшін бюджеттен 63 млн теңге бөлінді

«2-Алматы» темір жол вокзалынан «Алматы - Жетіген - Достық» бағытындағы жолаушыларға арналған жаңа туристік пойыз жолға шықты, деп хабарлады облыс әкімдігі. Бұл - Алакөл көлінің маңында туризмді дамыту мақсатында қолға алынып отырған шара. Жолаушыларға арналған жаңа пойызды Алматы облысының әкімдігі субсидиялап отыр. Темір жолдағы қосымша бағытты ұйымдастыру үшін жергілікті бюджеттен 63,0 млн. теңге бөлінді. Мамандардың айтуынша, 6 жолаушы вагонынан тұратын «Алматы - Жетіген - Достық» бағытындағы пойыз аптасына үш рет жолға шықпақ. Демалыс орнына дейінгі жол ақысы шамамен 4-8 мың теңге аралығында. Пойызды алғашқы сапарға салтанатты жағдайда шығарып салу рәсімі барысында көпшілік қауымға және көл жағалауында демалысты ұйымдастырушы туристік фирмаларға арналып баспасөз мәслихаты өткізілді.…

0
0
364

Елорда күніне орай Дж. Вердидің «Аида» операсы ашық аспан астында қойылады

Астана күніне орай Мәдениет және спорт министрлігі ерекше жоба – Бейбітшілік және Келісім сарайы алдындағы ашық алаңда Дж. Вердидің «Аида» операсын қояды, деді ОКҚ брифингінде ҚР МСМ мәдениет және өнер істері жөніндегі департаменттің директоры Ақтоты Райымқұлова. «Қойылым Қазақстанда сирек кездеседі, сол себепті ұйымдастырушылар ғажайып декорациялар, шоу әсері және отшашуымен безендірілген қойылым елордалықтар мен қала қонақтары үшін нағыз сый болатындығына сенімді. Ашық аспан астында спектакль қою – театрда ерекше жанр. Онда көптеген факторлар – театрлық алаңның ауқымдылығы, өзгеше отырғызу және орасан зор көрермен аудиториясы, әртістер санының әдеттегіден айтарлықтай көп болуы, арнайы жарық және бейнеқұралдары, және ең басты ерекшелік:бұл Астана күніне арналған спектакль-мереке», - деді…

0
0
440

Қазақстанда 28 765 нысан жария етілді – Қаржы министрлігі

Қазақстанда сомасы 204,8 млрд. теңгенің 28 765 нысаны жария етілді, деп хабарлады Қаржы министрлігі. Мүліктерді жекешелендіру жөніндегі ҚР аумағында мүлікті жария ету бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы комиссияға жалпы сомасы 355,5 млрд тг құрайтын жылжымайтын мүлікті жария етуі ушін 37 516 өтініш түсті. Сомасы 252,9 млрд. теңгеге 31 036 тұрғын үй нысаны, сомасы 97,8 млрд. теңгеге 16 138 тұрғын үй емес объекті, оның ішінде 68,0 млрд.теңгеге 4 075 коммерциялық нысан, сомасы 0,7 млрд. теңгеге заңды тұлғалардың 14 қатысу үлесі, сомасы 4,0 млрд. теңгеге бағалы қағаздар келіп түсті. Сомасы 204,8 млрд. теңгеге 28 765 нысан жария етілді. Мүліктерді жекешелендіру бойынша салық органдарына ҚР аумағынан тысқары, сомасы 636,2 млн тенге құрайтын 17 тұрғын үй объектісін жекешелендіру бо…

0
0
321

Жыл басынан бері несие есептерін eGov.kz арқылы 40 мың адам алған

Дербес несие есептері (ДНЕ) eGov.kz-те өздерінің қағаз ұқсастарынан танымалырақ. 2015 жылғы 6 ай ішінде пайдаланушылар электрондық үкімет порталы арқылы 40 мыңға жуық есепті алды, ол осы мерзімдегі берілген ДКЕ-дің барлық санының 75% құрайды, деп хабарлады, деп хабарлады «Ұлттық ақпараттық технологиялар». Бірінші кредиттік бюро ақпаратына сәйкес, 20105 жылғы маусым соңындағы жағдай бойынша қазақстандықтармен алынған дербес несие есептері (кредиттік тарихтар) саны 53 600-ге жетті, бұл көрсеткіш 2014 жыл бойы берілген ДНЕ санынан 2,5 есе артады. Бұл ретте, азаматтар дербес несиелік есептерді eGov.kz порталында және ХҚКО бөлімдерінде алуды дұрыс көреді. Осы тәсілдердің танымалдығы қызметті алуда қарапайымдылығымен, қолайлығымен және жеделдігімен түсіндіріледі. «Дербес несие есебін алу қызмет…

0
0
371

Қостанай облысының аукционында 300 бас асыл тұқымды мал қойылады

Қазақстан Республикасының Президенті 2011 жылы Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауы кезінде алғашқы рет «ІҚМ етінің экспорттық әлеуетін дамыту» бағдарламасын енгізу және іске асыру идеясын, сондай-ақ ет өнімдерінің экспортын жылына 200 мың тоннаға дейтін жеткізу қажеттілігі жөнінде жариялаған болатын, деп хабарлады «ҚазАгроҚаржы» АҚ. Аталмыш бағдарламаны іске асырудағы ең ірі операторлардың бірі «ҚазАгроҚаржы» АҚ болды. ІҚМ етінің экспорттық әлеуетін дамыту бағдарламасы бірнеше кезеңдермен өтетіндігі көзделген. Бірінші кезеңде Қазақстанда мал басын будандастыру мен көбейту үшін шетелден өнімділігі жоғары элиталы етті мал әкелінген болатын. 2011-2014 жылдар ішінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқасында елімізге барлығы 40 380 бас ІҚМ (етті 33 824 бас мал, сүтті 6 556 бас мал) әкелінген. Бұл бағдарла…

0
0
313