Мазмұнға өту
Aikosmuz

Айгүл Сағымбайқызы

@Aikosmuz

Сайтта 2013 ж. 21 қазан

Родилась в г. Целинограде, ныне столица Республика Казахстан г. Астана В 1987 г. Окончила КГМИ, факультет санитарно - гигиенический. Народный писатель свободного жанра Деньги на поддержку канала и покупки нового оборудования по возможности можете выслать на нижеуказанный счет в киви: QIWI - +77478330581 Бақытжан Бекмұхаммедұлы

рейтинг

250

жазбалар

570

пікірлер

456

тіркелуші

18

жазылымдар

0

Қиын ғой, қосылмастан аңсаған...

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Давид Тухманов

Әуенді орындаған – Сергей Овчинников «Чистые пруды»

Бейнематериал авторы – Татьяна А.

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Бауыржан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте – https://vk.com/public56982889

Не айтамын, саған жаным, не айтам,

"Кетпеші" - деп айтуға, мен қысылам.

Білемін ғой, "Қолда барда алтынның,

қадірі жоқ" - деуші еді, ата-бабам.

Қиын ғой, қосылмастан аңсаған,

Тұншыққанда бұл сезімім, дем салған.

Бір қираған көңілді, жөндейді кім?

Талпынады сонда да, мұңлы көңілім.

Керек шығар, бізге уақыт, көп айлар,

Шын сүйгенді, айтшы кімдер, тоқтатар?

Бұл тағдырдың, жемейікші опығын,

Махаббатың, тағы өтеп, қарызын.

1
0
343

Алыстан, сені ойлап, сағынамын

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Эдгар Туниянц «Разбитые чувства»

Бейнематериал авторы – Татьяна А.

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Бауыржан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте - https://vk.com/public56982889

         

Жарық айдан іздедім, көлеңкеңді,

Жұлдыздарға ұқсаттым, қөздеріңді.

Елең еттім, мен соққан, самал желге,

Еске алып айтылған, сөздеріңді.

 

Сенде бар ғой, қайтейін, басқа адамың,

Әлі есте, балаша қылықтарың.

Алыстан, сені ойлап, сағынамын,

Сонда да, сүйем деуге, жасқанамын.

 

Айтшы жаным, барма екен, басқа амалым?

Бағым болып басыма, қонбағасын.

Енді сенсіз, атар менің тандарым,

Шам-шырағым, болып сен, жанбағасын.

 

https://www.youtube.com/watch?v=B1qZZllrmb8&feature=youtu.be

1
1
754

Сұрайсың-ау, махаббат болдыма деп? «Аудио өлең»

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы Әуен авторы - Рыспай Абдыкадыров Бейнематериал авторы – Анэль «Табалбайсын» Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы Вконтакте – https://vk.com/public56982889 Сұрайсың-ау, махаббат болдыма деп? Ғашық болып көрдің бе, сүйдің бе деп? Сүйдім-күйдім, мен сеніп, ғашық болдым, Сол сезімнің торында, көп жыл қалдым. Аспандағы құстардай, жеңіл едім, Еш уайымсыз-қайғысыз, жүріп едім. Бірақ тағдыр сүйгізді, жағып сенім, Көк аспаннан шалқыған, жерге түстім. Ғашық болдым, риза болдым, өмірге, Жалғыз емес, қос аққудай , сезімге. Бірақ жалған, бәрі бітті, бір күнде, Сол көктемім, көп жылдар, болды күзде. Шын сүйгендер, мендей болар, шын сүйдім, Сағынғанда, жүрген жерден, іздедім. Соққан желден, сол дауысты тыңдадым, Өткен бұлттан, сәлемімді жолдадым. Ренжімеймін жүрекке, тоңған…

1
1
968

Өсіп жатыр, құламай...

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Булат Окуджава "Грузинская мелодия"

Фотоматериал авторлары – Түрлі жүйелерден алынған «Белгісіз»

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте – https://vk.com/public56982889

       

Қандай ғажап, мынау өмір,

Қиындыққа қарамай.

Тасты жарып, кіп-кішкентай,

Өсіп жатыр, бір қорықпай.

 

Қара тастан, қысып жатқан,

Аяқ асты, көліктен

Соққан желге қарамай,

Өсіп жатыр, құламай.

 

Қандай төзім, өмір үшін,

Топырақ-жерді талғамай.

Қалт-құлт етіп, жатсадағы,

Өсіп жатыр, тоқтамай.

 

Кейбір гүлге, жылы жерлер,

Бұйырады алдынан.

Менсінбейді, ондай гүлдер,

Сынап, қарап артыңан.

 

Ғажап өмір, ұқсасын-ай,

Тағдырына, мынау гүлдің.

Адамзатта осылай,

Талпыныста өмірдің.

 

https://www.youtube.com/watch?v=LCDekvLm6Q0&feature=youtu.be

1
1
444

Қарт тағдыры («Қарттар үйі»)

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы Әуен авторы – Secret Garden «Song form a secret garden» Бейнематериал авторлары – AstanaTV «Қадірі кеткен қария» №37 Таң нұры «Қарттар үйі» Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы Бауыржан Бекмұхаммедұлы Вконтакте – https://vk.com/public56982889 “Өзі кетті, дейсің-ау”- мен сұрасам Әй ұрпағым, не болып, бүгін барасың? Қарттар үйі, қалай болды, бұл қадам? Жетім қылып ата-анаңды, жатасың? Бауыр етім – балам деген анаңнан Ұл-қызым деп, сенім құрған әкеңнен Сен үшін деп, бар жақсысын, сақтаған Ішпей-жемей, киім киген ескіден Өстің-кеттің, адам болдың, солай ғой Арқасында, кімнің жеттің, сұрақ қой Кезек дүние, ертең алда, шіркін-ай Кәрілікке, өмір салар аямай Сөз сүйектен өтеді, есте сақта Дақ түсірме көңілге, жара салма Шамаң жетсе еркелетіп, тек мақта Өзің түгел жар…

1
1
1674

Тағдырдан, үміт үзгенде...

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Мелодия души «Белгісіз»

Фото-бейнематериал авторлары – Түрлі жүйелерден алынған «Белгісіз»

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте – https://vk.com/public56982889

       

Тағдырдан, үміт үзгенде,

Көктемім, күзге енгенде.

Сән беріп, мынау өмірге,

Үйреттің, қайта сүйгенді.

 

Сынағын көрдім, тағдырдың,

Құлатты талай, биіктен.

Үзіле жаздап, қалғанда,

Үмітті жалғап, сен келдің.

 

Тағдырым, талай жылатты,

Тұрғызбай шалып, аяқтан.

Тұрсамда, тағы құлатты,

Тірек боп келдің бе маған?

 

Мың сұрақ қойдым, Тәңірге,

Самайға қырау түскенде.

Жаныма, ем боп келдің бе?

Бүл түсім, әлде өңім бе?

 

https://www.youtube.com/watch?v=v4zjto8mt2s&feature=youtu.be

1
1
453

Кешір әке, кеш қалдым...

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – С. Қалиев

Фотоматериал авторлары – Түрлі жүйелерден алынған «Белгісіз»

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте - https://vk.com/public56982889

       

Кешір әке, білмедім тәрбиеңді,

Сезбедім, әкелік махаббатты.

Сонда да, мазаладың көңілімді,

Ренжуші едім қайтейін, ойлап қатты.

 

Еңді бүгін, келдім іздеп өзіңді,

Кеш қалыппын, қайтейін, кеш қалдым.

Бұйырғаны көруді, соңғы үйіңді,

Жан айқайым, жоқ қой, басқа амалым.

 

Жазалағым келмейді, мүмкін тағдыр,

Адастырды, аямастан біздерді.

Еңді қайттым жүректі, айтшы тағдыр?

Айтылмаған, қайтейін сөздерімді?

 

https://www.youtube.com/watch?v=Rb58sbWduYA&feature=youtu.be

1
1
1403

Қайран сезім, қарамайсың сен жасқа...

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы Әуен авторы – Әнін жазған: А.Чойбекова Әуенді орындаған – Айбек Бекбосын Бейнематериал авторы – Токтобубу Чирикчиева Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы Вконтакте – https://vk.com/public56982889 Қайран сезім, қарамайсың сен жасқа, Мас қыласың, кәрініде-жасында. Сүйдіресің-күйдіресің отыңа, Дастан болған, махаббатым халқыма. Қайран сезім, күнмен-түнді теңеген, Асар тауды, биіктерді көрсеткен. Жамандарды, жақсы қылып өзгерткен, Мәнгі көктем, бар деп, бірден сендірткен. Қайран сезім, мөлдірсің-ау бұлақтай, Қандырамыз шөлімізді, бір тоймай. Оңды-соңды, ажыратып қарамай, Мас боламыз, бұл сезімге, ойланбай. Келгеніме, маған сезім, сұрамай? Қорқып едім, қалама деп, бұйырмай. Баурап алып, сан құбылттың шіркін-ай, Неге маған, кеш кездестің, сезім-ай. Арамызда жылдар…

1
1
1033

Менде бір күн жетермін, бақыт деген тұраққа...

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Карен Саркисян «Мираж»

Бейнематериал авторы – Галина Смирнова

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте – https://vk.com/public56982889

       

Кеш қалдымба, кеш айттымба сөзімді?

Қинадым-ау сен түгілі, өзімді.

Бір көрсетпей, жасқа толы көзімді,

Бір білдіртпей, мұңға толы коңілімді.

 

Сырласамын айым менен, жалғыз қалып,

Мың сұрақты, қоя беріп өзіме.

Бара жатса егерде, көңіл босап,

Тәубе деймін, берік бол деп, көңіліме.

 

Атқан таңға, елең етем, мен тағы,

Құстар сайрап, жатыр екен қуанып.

Өмір сұлу, қарап тұрсам, жан-жаққа,

Менде бір күн жетермін, бақыт деген тұраққа.

 

https://www.youtube.com/watch?v=1y5WMp6kcLc&feature=youtu.be

2
1
642

Ана мен бала «Бір жүректі, үшке бөліп»

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы Әуен авторы – Султонали Рахматов «Тайный вечер» Бейнематериал авторы – Hikmet TV. Ansatik Kudaibergenov Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы Вконтакте – https://vk.com/public56982889 Бір жүректі, үшке бөліп, Сенім, құрдым ұлдарға. Бауырлықты, өсиет қылып, Сала бердім, мен жолға. Енді қалай, бөліндің бе? Бір жүрегім, үш жаққа. Қолдаймын, қайсыңды, Бауыр сезім, қай жақта? Киелі сөз, бізге қалған, Ата-баба, қазақтан. Бала белде, жар жолдан, Бауыр ғана, табылмаған. Айтылған сөздер, ойланбай, Оқтан қиын, атылған. Тұра алмадым, жылатпай, Мынау жүректі, шаршаған. Кешір жүрек, кеш мені, Жүк салдым-ау, мен саған. Аямадым, мүлдем сені, Бекер-бекер, бос жалған. Түрсың-ау әлі, сең қимай, Өмірді, өткен күндерді. Бір ғана тілек, тоқтамай, Жалғай тұршы, өмірді. https://www.…

1
1
1116