Қайран сезім, қарамайсың сен жасқа...
Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы
Әуен авторы – Әнін жазған: А.Чойбекова
Әуенді орындаған – Айбек Бекбосын
Бейнематериал авторы – Токтобубу Чирикчиева
Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы
Вконтакте – https://vk.com/public56982889
Қайран сезім, қарамайсың сен жасқа,
Мас қыласың, кәрініде-жасында.
Сүйдіресің-күйдіресің отыңа,
Дастан болған, махаббатым халқыма.
Қайран сезім, күнмен-түнді теңеген,
Асар тауды, биіктерді көрсеткен.
Жамандарды, жақсы қылып өзгерткен,
Мәнгі көктем, бар деп, бірден сендірткен.
Қайран сезім, мөлдірсің-ау бұлақтай,
Қандырамыз шөлімізді, бір тоймай.
Оңды-соңды, ажыратып қарамай,
Мас боламыз, бұл сезімге, ойланбай.
Келгеніме, маған сезім, сұрамай?
Қорқып едім, қалама деп, бұйырмай.
Баурап алып, сан құбылттың шіркін-ай,
Неге маған, кеш кездестің, сезім-ай.
Арамызда жылдар бар, оны қайтем?
Тапсақтағы өткелді, тұрақты ма?
Мен келермін түсіңе, сосын кетем,
Ондан басқа амалым, айтшы, бар ма?
Үмітімді қайтейін, алға тартқан,
Бақытсың ба, әлде маған бұйырған?
Барамын-ау неге құлап, мен жардан.
Сүйемін деп айтуға, неге қорқам тағдырдан?
