Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сұрайсың-ау, махаббат болдыма деп? «Аудио өлең»

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы - Рыспай Абдыкадыров

Бейнематериал авторы – Анэль «Табалбайсын»

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте – https://vk.com/public56982889

       

Сұрайсың-ау, махаббат болдыма деп?

Ғашық болып көрдің бе, сүйдің бе деп?

Сүйдім-күйдім, мен сеніп, ғашық болдым,

Сол сезімнің торында, көп жыл қалдым.

 

Аспандағы құстардай, жеңіл едім,

Еш уайымсыз-қайғысыз, жүріп едім.

Бірақ тағдыр сүйгізді, жағып сенім,

Көк аспаннан шалқыған, жерге түстім.

 

Ғашық болдым, риза болдым, өмірге,

Жалғыз емес, қос аққудай , сезімге.

Бірақ жалған, бәрі бітті, бір күнде,

Сол көктемім, көп жылдар, болды күзде.

 

Шын сүйгендер, мендей болар, шын сүйдім,

Сағынғанда, жүрген жерден, іздедім.

Соққан желден, сол дауысты тыңдадым,

Өткен бұлттан, сәлемімді жолдадым.

 

Ренжімеймін жүрекке, тоңған жүрек,

Ренжімеймін көңілге, өксиді деп.

Солып қалған кеудеме, мүмкін керек,

Тағыда, ғашып болып, сүю демек.

   

https://www.youtube.com/watch?v=mJFygMVgk7g&feature=youtu.be

 
1
1
969

Осы тақырып бойынша

Сұрайсың-ау, махаббат болдыма деп? «Аудио өлең» - Yvision.kz