Сенат заң жобасын Мәжіліске қайтарды.
18.06.2009 Қазақстан Бүгін ақпарат агенттігінің хабарлауынша интернетке жақын халықты жан-жақты абыржытқан заң жобасы сенатта бірінші оқылымда мақұлданып, кейіннен "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық-коммуникациялық желілер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына түзетулер енгізіліп мәжіліске қайтарылды. ... Ұсынылып отырған өзгерістер заңдардағы "веб-сайт" деген сөздерді "интернет-ресурс" деген сөздермен ауыстыруға, еліміздің заңнамалық актілеріне қайшы келетін ақпараты бар шетелдік бұқаралық ақпарат құралының өнімін заңсыз деп тану тәртібіне, абоненттер туралы қызметтік ақпаратты жинау және сақтау жөніндегі міндеттерді бұзғаны үшін жауапкершілік белгілеуге, бұқаралық ақпарат құралын шығаруды не бұқаралық ақпарат құралының…