Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сенат заң жобасын Мәжіліске қайтарды.

18.06.2009

Қазақстан Бүгін ақпарат агенттігінің хабарлауынша интернетке жақын халықты жан-жақты абыржытқан заң жобасы сенатта бірінші оқылымда мақұлданып, кейіннен "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық-коммуникациялық желілер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына түзетулер енгізіліп мәжіліске қайтарылды.

... Ұсынылып отырған өзгерістер заңдардағы "веб-сайт" деген сөздерді "интернет-ресурс" деген сөздермен ауыстыруға, еліміздің заңнамалық актілеріне қайшы келетін ақпараты бар шетелдік бұқаралық ақпарат құралының өнімін заңсыз деп тану тәртібіне, абоненттер туралы қызметтік ақпаратты жинау және сақтау жөніндегі міндеттерді бұзғаны үшін жауапкершілік белгілеуге, бұқаралық ақпарат құралын шығаруды не бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды тоқтата тұру не тоқтату мәселелерін реттеуге, абоненттер туралы қызметтік ақпаратты байланыс операторларының осы ақпаратты екі жыл бойы жинау мен сақтау міндеттерін белгілеуге, "интернет-ресурс", "интернет-ресурстың меншік иесі", ақпараттандыру саласындағы уәкілетті ұйымның құзыреті, мәртебесі мен қызметтері ұғымдарын айқындауға бағытталып отыр.

Заң жобасын талқылау барысында мәжіліс мақұлдаған заң жобасына бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігі туындады. Оның ішінде еліміздің аумағына таратылатын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келетін ақпараты бар, ісі сотқа жататындықтан шетелдік бұқаралық ақпарат құралының өнімін заңсыз деп тануға, лауазымды адамның құқықтарына, мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі мәтіндердің бірдейлігіне, мемлекеттік ақпарат жүйесінің қауіпсіздігі мен стандарттарына және заң техникасына қатысты өзгерістер бар.

 

 

0
0
622

Осы тақырып бойынша

Сенат заң жобасын Мәжіліске қайтарды. - Yvision.kz