Инстаграмдағы қазақ журналистері
Соңғы кезде смартфоны бар қазақстандықтардың басым бөлігі Instagram желісін пайдалануда. Заманауи студенттер, аналар, бизнесмендер, дизайнер, фотограф, журналист, әнші, маркетолог және т.б. мамандық иелері бұл mobile app арқылы суреттерімен бөлісіп, инстаграмсыз күн көре алмайды. Бүгінгі материалда қазақстандық журналистердің инстаграмына шолу жасамақшымыз. Асхат Садырбай @askhatsadyrbai "Еларна" арнасындағы "Жарайсың" бағдарламасының жүргізушісі, журналист әрі продюсер Асхат Садырбайдың инстаграмы көбінесе жұмысымен байланысты. Студияға келетін қонақтармен суретке түсу дәстүрге арналған. Сондай-ақ Асхат мырза өзінің телеарнадан бөлек жүргізушілік қызметімен де бөлісіп, жаңа look-тарын көрсетуге үлгеріп қалады. Өркен Кенжебек @orkeni "Хабар" телеарнасы бағдарламаларының шеф-редакторы, "Жа…