Мазмұнға өту
Arsik

Алия

@Arsik

Сайтта 2008 ж. 12 қыркүйекКазахстан, Алматы

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

491

пікірлер

451

тіркелуші

305

жазылымдар

43

Шетелде білім алу: Institute of French Petroleum (IFP) School

Бүгінгі біздің кейіпкеріміз Францияның Мұнай институтында магистратурада білім алған Камиля Сейілханова. Камиляның бір жарым жыл ішінде жинақтаған тәжірибесін, қызықты оқиғалары мен кеңестерін төмендегі сұхбаттан оқи аласыздар. - Камиля, сәлем! Алдымен өзің туралы айтсаң? - Өзім Алматыданмын, Қазақстан-Британ техникалық университетін «Қаржы» мамандығы бойынша 2011 жылы аяқтадым. - Ал Парижге оқуға қалай түстің? - Соңғы курста оқып жүрген кезде Total E&P Kazakhstan компаниясы біздің студенттер арасында сайыс өткізіп, магистратурада білім алуға қаржылай көмек көрсетті. Компания үшін осындай шара алғашқы емес, бұрыннан да дарынды студенттерге қолдау көрсететін еді. Бірақ, алдыңғы жылдары тек техникалық мамандық меңгеріп жүрген студенттер арасынан таңдау жасаса, біз қатысқан жылы басқа ма…

6
3
2740

Инстаграмдағы қазақстандық актерлер

Соңғы кезде смартфоны бар қазақстандықтардың басым бөлігі Instagram желісін пайдалануда. Заманауи студенттер, аналар, бизнесмендер, дизайнер, фотограф, журналист, әнші, маркетолог және т.б. мамандық иелері бұл mobile app арқылы суреттерімен бөлісіп, инстаграмсыз күн көре алмайды. Бүгінгі материалда қазақстандық актерлердің инстаграмына шолу жасамақшымыз. 1. Азамат Сатыбалды @azamatc Қазақстанның бірден-бір танымал актері жайлы сұхбат осыған дейін "Екпінде" жарияланған болатын. Ал өз инстаграмынан Азаматтың әрдайым Астана мен Алматы арасында ұшып жүретінін, қандай жаңа жобаларға, фильмдерге қатысып жатқандығын және де ұлымен уақыт өткізуді жақсы көретін үлгілі әке екендігін білдік. Кейбір суреттер астына жазылатын астарлы сөздерінен актердің өмір жайлы терең философиялық ойларын біліп қала…

6
6
4556

Естеліктер

Мейрамхан Жәпек журналист, Тұрар Рысқұлов публицистикасын зерттеуші Тұрар, Нығмет және Мәскеу мұрағаттары 1.Бастау Қазан айының аяғына қарай үш айға ғылыми іссапарға аттандым. Осынау ғылыми іссапардың бір айға жуық уақыты Мәскеу қаласында Мемлекеттік мұрағаттарда өтуі менің әу бастағы ғылыми жұмысымды ары қарай жалғастыруға мүмкіндік берді. Сонымен, бұл жолы қазақ баспасөзінің тарихына қатысты қаншама құнды дүниелерді бауырына басып жатқан Ресей мемлекетіне, оның жүрегі Мәскеуге сапар шектім. Әлихан, Тұрар, Нығмет, Сұлтанбек, Жаһанша, Нәзірлердің қызмет атқарған, олардың соқтықпалы соқпақты өмір жолдарына, тар жол, тайғақ кешулерінің куәсі болған маңғаз қалаға жетуге асықтым. Жол бойындағы станциялардан өткен сайын діттеген арманыма бір табан жақындап келе жатқандай сенім салмағы арта бер…

4
0
2035

Қазіргі «Алпамыстар» өскенде кім болады?

Бүгін білім күні. Мерекеге орай жаз бойы демалған астаналық және алматылық бүлдіршіндер бізбен сырларымен бөлісті: кішкентай болса да, болашақ мамандығын таңдап, өскенде дәрігер, ғарышкер, суретші болғысы келеді екен. Нұргелді Ерхатов, 6 жаста, №143 орта мектепке барады: - Мен өскенде ағам сияқты суретші болғым келеді. Қазірде өзіме сурет салған өте ұнайды. Жақсы сурет салатын сияқтымын. Суретшілердің қанша ақша алатынын бірақ білмеймін, меніңше бастысы жұмысың саған ұнаса болды. Әділ Арманов, 5 жаста, дайындық сыныбында: - Мен өскенде архитектор болғым келеді. Үйлер мен әдемі ғимараттар салғым келеді. Архитектор жайлы маған әкем көп нәрсе айтып берген. Меніңше, ол адамдарға көп жақсылық әкелетін жұмыс. Абылай Балсейіт, 5 жаста, дайындық сыныбында: - Мен нақты білмеймін. Мүмкін космонавт…

5
3
3666

Somerset Karine: «Халыққа интеллектуалды дизайн ұсынып таңдандыру керек»

Сұхбаттың бірінші бөлімі мына жерде. Жас та болса, өзінің стилі мен талғамын көрсете білген дизайнер Somerset Karine-мен болған сұхбаттың екінші бөлімінен Кариннің жаңа жобалары жайлы, сүйікті дизайнерлері мен кітаптары қандай екенін және ең басты арманын біле аласыздар. - Карин, екінші топтамаңды жасау ойыңда бар ма? - Жалпы бірінші көрсетілімге дейін мен екінші топтамам жайлы ойлай бастадым. Оның жалпы құрылымын, эскиздерін сызып қойғанмын. Алғашқы топтамамды Еуропада тіктірсем, енді Алматыдан да тігіншілермен жұмыс істегім келеді. Ол өте қиын. Өйткені менің көйлектерімді көрген тігіншілер оның еуропалық стандартты, жоғары деңгейді талап ететінін біледі. Әдетте тігілген киімдер көрініп тұрады, ал жоғары деңгей дегеніміз әрбір тігіннің солай болу керектігі көрсетіп тұру керек. Мен өзім д…

6
5
2300

Әлемнің шабыт сыйлайтын басты кітаптары

Үстіміздегі жылдың сәуірінде шабыт сыйлайтын кітаптар рейтингі құрылды. Америкалық жазушы Харпер Лидің «Қылжақбасты өлтіру» романы тізімнің бірінші орнын иеленген. АҚШ-тағы Ұлы депрессия кезіндегі расизмге қарсы күресті сипаттайтын шығарма рейтингте тіпті Інжілдің өзінен асып түскен. Бір қызығы, The Telegraph басылымының деректеріне қарасақ, «Қылжақбасты өлтірудің» тиражы 30 миллионды құраса, Інжілдің 1815 жылдан бастап 2,5 млрд кітабы сатылған екен. Шабыт сыйлайтын кітаптардың алғашқы ондығына Анна Франк күнделігі, Нельсон Мандела биографиясы, бейнефильмінде Леонардо Ди Каприо басты рөл сомдаған Алекс Гарландтың «Жағажай» романы және Сэлинджердің атақты «Қара бидай алқабындағы жар жиегінде» сияқты туындылар кездеседі. Рейтинг OnePoll.com порталы жүргізген сауалнама нәтижесінде құрылған б…

7
2
2985

Жалғас Ертайдың кітап сөресі

«Екпін» журналының сүйікті кітаптар айдары жалғасуда. Бұл айдарда кітапсүйер қауым өзінің ең сүйікті, ең маңызды деген кітаптары жайында әңгімелейді. Жаңа айдардың бірінші қонағы — әдебиет әлемін кішкентай кезінен шарлап жүрген экономист, математик, әрі блогшы Бауыржан Бектемір болған. Ал бүгінде біз мамандығы бойынша журналист, танымал блогшы әрі "Qazaq Media" digital агенттігінің құрушысы - Жалғас Ертайдың кітап сөресіне үңілмекшіміз. Жалғас 1989 жылы 26 қыркүйекте Түркістан қаласында дүниеге келген. Ататүрік атындағы №17 мектеп-гимназиясын, Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін журналистика мамандығы бойынша бітірген. «WikiBilim» қоғамдық қорында, «Центр тяжести» сайтының редакторы болып қызмет атқарған. Қазірде Ербол Серікбаймен бірге Qazaq Media сейлз хаус агентті…

Шетелде білім алу: Multimedia University of Malaysia

Бүгінгі кейіпкеріміз Малайзияның алғашқы жекеменшік университеті Multimedia University-дің түлегі Ернар Әмірғалиев. Бұл жоғары оқу орны Азиялық жекеменшік университеттері рейтингісінің үздігі, Малайзия мемлекеті тарапынан жоғары бағаға (Tier 5) ие болған. - Сәлем, Ернар! Алдымен өзің жайлы қысқаша айтып өтсең? - Екібастұз қаласынанмын, мектеп табалдырығын он екінші мектептен аттап, кейін жиырма екіге ауыстым. Ол кезде біздің мектеп әлі гимназия атағын иеленбеген еді. 2007 жылы гимназияның математикалық сыныбын бітірдім. - Ал Малайзияға оқуға қалай түстің? - Мектеп бітіргеннен соң Астанадағы Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне түстім, таңдаған мамандығым «Ақпараттық жүйелер болды». 2009 жылы «Болашақ» бағдарламасымен Малайзияға кеттім, ол жақта таңдағаным Software Engineering бо…

5
0
2714

Сырлы Ыстамбұл

Жаз. Кезекті еңбек демалысы. Қыр төсіндегі қазақты қайдам, қаланың адамы қалт еткеннен-ақ демалудың қамын күйттейтіні анық. Әлемнің әр елі жаһанданған сайын құрлықтардың арасы қадаммен өлшейтіндей кейіпке еніп барады. Бұл дегеніңіз, әсіресе қызық іздеген, жанына дауа аңсаған адам үшін қолайлы жағдай. Рас, әрненің шегі әмиянға барып тіреледі. Қазіргі кезеңде қазақстандықтардың қалтасы көтеретін демалыс орындарының бірегейі – Түркияның жағажайлары. Ендеше, бүгінгі Түркия қазақстандық саяхатшыларды қандай ерекшелігімен баурап ала алатынына көз жеткізіп қайту мақсатында біз Ыстамбұл қаласына 3-4 күндік сапарға аттандық. Сонымен Ыстамбұл. Айы оңынан туған, жер-жаһандағы көне шаһарлардың бірі. Кезіндегі Рим, Византия, Осман империяларының астанасы. 2010 жылы Еуропаның мәдени астанасы атанған Ыс…

5
7
3111

Астана: «Has Sanat» өнер галереясы

«Хас Санат» өнер галереясы - Астанадағы жекеменшік галереялардың бірі, сол жақ жағалауда, Министрліктер үйіне қарама-қарсы орналасқан. Үш залдан тұратын галерея келемін деушілер үшін әрқашан ашық. Үлкен залында дәл қазір павлодарлық суретші Александр Бибиннің жұмыстарын тамашалауға болады. Александр Бибин 1939 жылы Павлодар облысының Береговое ауылында дүниеге келеді, екі жасқа толған кезінде ата-анасы репрессияға ұшырап, жетім қалады. Алматыда білім алып, алғашында реставратор қызметін атқарып жүреді. Бибиннің жұмыстарында адамдарды көптеп кездестіруге болады. Жұбайының айтуынша, олардың барлығы суретшінің туған ауылының тұрғындары, күнделікті қасында болғандар. Ал барлық әйел образдарының прототипі суретшінің жұбайы деген пікір де бар. Пияз тазалаушы (Чистящий лук). 1967ж. Кенеп. Май. А…

5
2
2655