«Ғылым ордасындағы» қысқы бақ
Ғылым мен білімнің қайнаған ортасы саналатын, халықаралық басқосулар мен түрлі ғылыми және мәдени іс-шараларға қақпасын айқара ашып, төрін ұсынатын Алматы қаласында «Ғылым ордасы» кәсіп орнына келсеңіз, қарбалас тірліктің лебін сезесіз. Өйткені, бұл мекеме – өркениеттің ордасы, отандық ғылымның өркендеуіне қызмет еткен білімділер мекені. Сырттан келген жанның көзіне бірден түсетін «Қысқы бақ» жоғарғы қабатта жұмыс істейді. Жоспарлы тақырыптағы маңызды шаралар мен кездесулер осы бақтың ішінде өтеді. Негізінде қызметкерлер қарбалас жұмыстан шаршағанда, өсімдіктер әлемін көріп рухани серпіліс жасайды. Кейде тіпті, басқа жақтағы адамдар арнайы сол қысқы бақты көруге келеді. Осы ретте, біз аталған кәсіпорындағы қысқы бақтың күтіміне жауапты флорист-биолог Самыратбаева Қарлығаш Тілешқызымен жүз…