Таңғажайып демалыс орны
Әдетте, сенбі-жексенбі болса бітті, үй тірліктерінен көз ашпай, содан дүйсенбі күні жұмысқа келе саламыз ғой) Біз үшін демалыс ол - үй жинап, кір жуу, қала берді, бала-шаға мен қайын жұрттың жағдайын жасаумен өтіп кететіні жасырын емес. Бірақ, жақында мен бір жылға энергия берер керемет бір жерде болдым:)) Ол қандай жер болды екен деп отырған боларсыз? Көп күттірмейін...

Ол - Алматының іргесіндегі Қаскелең маңында орналасқан «Нұрлы Тау» демалыс орны. Мекеме басшылығы жақында БАҚ өкілдерін осында атқарылып жатқан игі істермен таныстыру мақсатында арнайы қонаққа шақырған болатын. Ең әуелі, бұл жерден алған әсеріммен бөліссем.
Сонымен, Нұрлы тау маған несімен ұнады?

Өзен алабалығын аулау
Дәмі тіл үйіретін таңдаулы жеңсік ас
"Нұрлы Тау" ханбалық шаруашылығында Сіз қармақ және жемді жалға ала аласыз. Жақсы демалып қана қоймай, өзіңіз аулаған балыққа тойып әрі қоржыныңызды олжаға толтырып қайтуға мүмкіндігіңіз бар.

Біздің өзіміз ұстаған балықты пісіріп берді. Дәмі енді керемет:))

Атпен серуендеу
Таңғажайып Қаскелең шатқалында серуендеу"Нұрлы Тау" белсенді демалыс орталығы сіздің отбасыңыздың барлық мүшелері үшін таза ауада ұмытылмас әсер мен тамаша демалыс сыйлады. Тас жолда өскен қызым асыр-салып ойнап, қатты шаршап, рахаттана ұйықтады)

Негізі, менің "дурацелімнің" энергиясы оңайлыөпен таусылмаушы еді, Нұрлы тау оған ерекше қанат бітіріп, ерекше көңіл күйге бөлегені байқалды:))

Тауға серуен
Табиғатты тамашалап, таза ауада серуендеу
Саф ауада терең тыныстап, жақсы тынығып қана қоймай творчестволық жұмыспен айналысуға таптырмас жер екен. Сонымен қатар, Қаскелең шатқалында серуендеу мақсатында велосипедпен серуендеу арқылы қаланың қым-қуат тірлігінен бір мезгіл демалып қаласыз)

Балалар алаңқайы
Ата-аналары балық аулап, велосипед теуіп, атқа мініп дегендей демалған кезде, балалардың уақытты қызықты әрі тартымды өткізуге мүмкіндік бар. Алаңсыз жүре бересіз) Қызым осы алаңнан шықпады, ал мен өз жайбарақат балық аулап, қым-қуат тірлікті ұмытып бір серпіліп қалдым:)

Түйелермен серуендеу
"Нұрлы Тау" белсенді демалыс орталығы тамаша демалыс пен түйемен серуендеуден алатын ұмытылмас әсер қалдырды.

Киіз үйде демалу
Сіз тынығу үшін мұндағы қазақтың ұлттық киіз үйлердің біріне тоқтауыңызға болды. Ішінде өзіңізді тура өзіңіздің үйіңізде жүргендей сезінесіз)

Грузинше әзірленген кәуап
Сіздің ерекше ас мәзірі бойынша әзірленген грузинше кәуаптан дәм татуға мүмкіндігіңіз болады. Ол кәуаптың дәмі таңдайыңыздан ешқашан кетпейтініне сенімдімін)

Үйлену тойы, қыз ұзату және т.б. жиын өткізу
Тамаша табиғат, таза ауа және бейтаныс адамдардың болмауы салтанатты шын мәнінде отбасылық мерекеге айналдырады. Жақындарымның тойларын, қуаныштарын осында өткізуге болады екен деп ой түйіп қайттым)

P.S. Бір күнге созылған керемет демалыстан алған әсерімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Оны тек көзбен көріп, жүректен сезіну керек.

Айтпақшы, бағаларына келер болсақ, су тегін деуге болады. Алмаарасаннан арзан, тіпті бағалар кәдімгі қаладағы демалыс орындарынан әлдеқайда арзан екен. Сондықтан, қай-қайсымыз үшін де қолжетімді. Достар, бауырлар міндетті түрде барып, көріп, жақсылып демалып қайтуға кеңес беремін:)

Алдағы уақытта жалғасы міндетті түрде болады. Келесі посттарда ондағы балық және оның күтімі жайлы толығырақ ақпарат беретін боламын. Сонымен қатар, экслюзивті суреттер мен пайдалы мәлімметтермен де бөлісемін. Ендеше, күтіңіз!

