Біз екеуміз...
Екеумізге нұр сәулесін төккен көп Өтіп кеткен көктемдерге өкпем жоқ. Түсініспей кеткеніміз қинайды, Мінезіміз бір-біріне өктем кеп. Бұл күндерде жалын отын азайтқан, Өтіп кеткен көктемдерге наз айтам. Білесің бе, кездеспейміз біз енді, Шақта мына дала гүлдеп, қаз қайтқан. Сәтсіздіктің аңдып тұрып аңғардан, Жығып кетер айласын кім аңғарған. „Сенсіз маған өмір жоқ қой!„ - деуші едің, Менсіз қалай жүргеніңе таң қалам. Сенімнің де өн бойынан әл кетіп, Кете бардың, бәрін-бәрін тәрк етіп. Енді қайтіп тереземді қақпайсың, Мен де сені қарсы алмаймын жарқ етіп. Бүгін маған таң да жарқын атады, Ақ көңілім - ақ тілектер жатағы. Жалғыз ғана қыл үстінде тұрғанда Қолың созбай кеткендігің батады... Ұлдай Сариеваның осы өлеңі өзіме соншалықты жақын, соншалықты алыс. Ақ Жайықтың ақын қызы Ұлдай апамның өл…