Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақта жау бар ма?

Қазақта жау бар ма өзі? Әрине, пәлен жұрт жау деп айта алмаймыз. Алайда, бабаларымыз аңсаған азаттық, тілеген тәуелсіздікке бір жыл толмай жатып, „Қазақтың жауы - қазақ!„ деп ұран көтерген өзіміз. Бұл ұран ешқайдан келген жоқ. Өзіміздің қазақтың шығарып жүрген шіріген сөзі.

Негізінде, „адам адамға қасқыр„ дегенді естідім. Бірақ ол адамзат бойындағы  өзімшіл, жағымсыз қасиеттері туралы айтылған болса керек. Әлемде болып жатқан оқиғаларға қарасаңыз, жауы жоқ мемлекет кемде-кем. Неміс халқы екіге бөлінді: капиталистік Федералды Германия және Социалистік Демократиялық Германия, бірі НАТО құрамында, бірі Варшава пактісі жағында. Вьетнам жұрты екіге бөлінді: Солтүстік - социалистік, Оңтүстік - капиталистік. Қырғын болған араларында. Вьетнам вьетнамға оқ атқан. Қиыр Шығыстағы Корей халқы да Оңтүстік, Солтүстік болып бөлінді. 50-жылдары қырқысқан күйі, бүгін де іргесі аулақ. „Немістің жауы - неміс„, „Вьетнамның жауы - вьетнам„, „Корейдің жауы - корей„ деген ұранды естіп пе едіңіздер? Жоқ, олай ұрандаған ешкім жоқ.

Қазақтың жауы кім? Ия, қазақта жау бар. Қуатты жау. Тамырын тереңге жайып барады. Түпке жетсе, сол ғана жетеді. Мұхтар Мағауиннің сөзімен айтқанда қазақтың жауы кім емес, не? Ол - ұлттық сананың кемдігі. Бір сөзбен айтқанда - ұлтсыздық. Көрші ағайындарымыз өзбек пен қырғыз, түрікмен мен әзірбайжан бүгінгі күні қанша мүсәпір болып көрінгенмен ұлтсыздық дертінен аулақ. Тек біз ғана, өз жауымызды өзіміз тауып алып отырмыз. Ол - ұлтсыздық.

Ұлттық сананың кемдігі ұлт тағдырына кеселін әйтеуір бір тигізері анық. Ертеңгі тұман мен күмән - осы ұлтсыздықтың зардабы.

0
6
1074

Осы тақырып бойынша

Қазақта жау бар ма? - Yvision.kz