Мазмұнға өту
Chandni

Айнур Маемирова

@Chandni

Сайтта 2009 ж. 19 мамыр

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

16

пікірлер

47

тіркелуші

17

жазылымдар

4

Мопассанша өмір

Мопассанның шығармашылығымен таныстығым "Өмір" романынан басталды. Сонымен, оқығанымнан түйгенім: Ол өмірден не күтті? Жалпы бәріміз өмірден не күтеміз? Өмірдің мәні неде?... Арман, үміт адамды алға жетелейді. Бірақ құр арманмен өмір сүруге де болмайды ғой. Жанна соны ұға алмаған тәрізді. Ол өмірден, оның тыныс-тіршілігінен бейхабар болып өтті. Оған түсіндірер жан да болмады. Ол өмір бойы сол бір 17 жасар қыздың ойымен ғұмыр кешті. Дәл сондай бейкүнә, пәк сезім, арман. Бәлкім, арманның арман болып қалуы да дұрыс шығар?... Ия, мүмкін, мен де дәл солай ойлауым керек шығар. Өмір маған үлкен сый дайындап қойды. Енді „өскесін„ соны өзіме кеп, табыстайды. Сосын бәрі де ойымдағыдай керемет бола кетеді. Құлай сүйген адамымның жары атанып, соңғы демім қалғанға дейін ол маған адал жардын ролін ойна…

4
4
937

Кәмелетке толмаған балалар арасындағы суицидке қоғам жауапты

Имейте мужество жить. Умереть-то любой может Роберт Коди Суицид. Кейінгі кездері өз-өзіне қол жұмсау жиілеп кетті, әсіресе өмір есігін жаңа ашып, қызығы мен шыжығына енді ғана кірісіп келе жатқан жасөспірімдер арасындағы суицид белең алып барады. Латын тілінен аударғанда бұл сөз «өзіңді-өзің өлтіру» деген мағынаны білдіреді. Термин XVII ғасырда пайда болып, XVIII ғасырдың ортасына дейін қолданылмай келген. XX ғасырдан бастап «суицидология» термині қолданысқа енгізілді. Алайда адамдардың өзін-өзі өлтіруі ерте кезден-ақ басталған. Мәселен әлемге демократия берген ежелгі Грекияда өз еркімен өмірмен қоштасу тек кей жағдайда рұқсат етілді. Бұл әдісті заң өлімге үкім кескен адамға ғана таңдай алатын болған. Афины мен Фивада биліктің рұқсатынсыз өз-өзіне қол жұмсаған адамның қолы кесіліп, бөлек…

0
0
1993

Қазақстандағы балалар әдебиеті және оқулықтар мәселесі

Математика оқулығы 2-сыныпқа емес, 2 сыныпқа арналған екен... Алматы қаласының ірі кітап дүкенінде қазақ тіліндегі балалар әдебиетін іздеп тұрған жарты сағат уақытымда дүкенге 5-6 ата-ана мектеп, балабақшадағы баласына кітап іздеп келді. Барлығы да сатушыға оқулықтарды еш жерден таппай жүргенін айтып түсіндіруде. Баласын ана тілінде оқытқысы келген ата-ананың кітап таба алмай, барлық дүкендерді аралап, шарқ ұрғанын көріп, орыс мектебіне оқытуға бере салмағанына іштей риза болдым. Бір жағынан, 2009 жылғы көрсеткіштер бойынша әлемдегі қағаз өндірісі нарығының 54%-ын құрайтын Қытаймен көршілестік біздің отандық баспаларымыздың жағдайын әлдеқайда жеңілдетер күнге де жеттік пе деп ойлайсың. Онымен олай емес екен, жеке фирмалардың өз каталогтарын түрлі-түсті жалтырақ қағаздан басып шығарып, көш…

0
0
2360

Өмірдегі ең қорқынышты не?

... Даңқ өз аяғымен келді. Өзімшіл, сұлу әйелдей өзінен басқаны ұмыттыруды, өзінен басқа ешкімді сүймеуді талап етті... Төлен Әбдіков, „Тозақ оттары жымыңдайды„ Аяймын... Қатты аядым. Өзімді орнына қойып қарап едім, төзе алмайды екем. Өзімшіл екен деп ойлап едім, олай емес екен. „Адамның„ қаншалықты қорқынышты екенін біле тұра, қорлықтың барлығын адамнан көре тұрып, адамға көмек көрсету, өмірін құтқару... Адамзатқа тигізген еңбегі орасан зор болғанымен, тұтас бір тайпаның атын шығаруға батылы бармады. Тіпті тайпаның соңғы адамы ретінде өзін санамады да. Қорқақ қояндай тасада тығылды. Сырын ешкімге ақтарғысы келмеді. Жан жарасын түсінер оның досы да болмады. Жалғыздықпен ғана дос болды. Кейіпкердің жан азабы оның рухани мүгедектенуіне ұласты. Барлық дене мүшелері сау болса да, мүгедек болы…

0
1
908

Мүсін...

Бәрімізді тас қараңғы бөлмеге кіргізді. Бір шамның да жағылмағанын қарасаңшы!

Бөлме іші құбыжықтардың мүсініне толы. Әрқайсысының екі көзі бар. Сол екі көз саған тесірейіп қарағандай болады. Денем түршігіп кетті. Арыстан терісін жамылған кісі артымнан келіп, шошытпай ма? Ай, жүрегім-ай, орныңда екенсің ғой әйтеуір. Мына құбыжықтың қасына суретке түссем бе екен, ә? "Арыстан ағай, мені суретке түсіріп жібересіз бе", - деп едім, Арыстан ағай мені шошытқанын ұмытып кетсе керек, танымағандай жанымнан өтіп кеткендай-ақ?! Арыстан ағай, ағай, а-ғай?...Бір кезде "Әкел, мен түсірейін" деген дауыс естілді. Артыма қарасам, сөйлеп тұрған құбыжық екен. Тіпті құбыжықтың өзі де емес, мүсіні...

0
0
905

Маған бәрібір...

"Мейлі жер сілкінсін, сел бассын, мейлі күн күлімдеп, ай толсын, маған бәрібір!" дейтін адамдарға бір нәрсені түсіндіру, ұқтыру қиынға соғады. Себебі, оларға бәрібір. Жерде өлік жатса, жанынан айналып өте беретін, жап-жас сәби анасымен бірге аштан-аш көшеде қонып жүрсе, қол ұшын бермек түгіл, бір сәт болса да жаны ашымайтын заман ғой. Тіпті заман сондай емес, адамдар осындай дер едім. Жеке басының аман-саулығынан басқа еш нәрсе оларға қызық емес, қызықтырмас та. "Қоғам", "адам" деген ұғымдарды жай ғана сөз ретінде қабылдай алатын, сол сөздің астарында сан қилы тағдыр, сан алуан өмір жатқанынан беймәлім адамдар ғой олар. Бір адамның бойына осыншама зұлымдық, рақымсыздық, немқұрайлылық, мейірімсіздік қайдан ғана жинала қалады? Осыдан бірнеше ай бұрынғы болған жағдай есіме түсіп отыр. Тролле…

0
7
2976

Өлмегенге не жетсін, өлмегенге!...

Қайтер едік өмірге келмегенде, Көнеміз ғой, қайтеміз көнбегенде. Төземіз ғой, қайтеміз төзбегенде, Көлден тамшы бұйырмас шөлдегенде... Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған осы әнді Шымкенттегі көзі нашар көретін балаларға арналған "Үміт" мектеп-интернатының тәрбиеленушілері, туғанынан зағип үш баланың орындауында естігенде көзім жасқа, көңілім мұңға толды. Жүрегің тас, сезімің саз болмаса, бұл өлеңді тебіренбей тыңдау мүмкін емес. Аталмыш әнді мына жерден тыңдауға болады. Жаратушы Сапарбай, Азат, Тұрар есімді қазақтың үш ұлына көру қабілетін бермесе де, өнерден айырмапты. Ақиық ақын Мұқағалидің сөзіне, әуесқой сазгер Садық Қанаттың әніне жазылған осынау ән көптеген жүлделерге ие. "Сәттің" серілері режиссер Руслан Байтөлешовтың "Тағдыр" атты фильміне де түсіп, өздерін сомдап шығыпты. Әркім…

0
0
4130

„Жәй эстафета„

Өмір туралы Адам баласын өз илеуінде тербеп, оны бала күнінен айналасына қызыға қарауға, қоршаған ортасының қуаныш-қайғысын жүрегімен сезіне білуге үйретеді. Кейде көңіліңе жақын емес түрлі жағдайларды сырттай бақылауға тура келеді. :( Бірақ есейе келе өмір ысылтады. Уақыт туралы Абай атпақшы, мен де „Қолымды мезгілінен кеш сермеймін„. Дер кезінде жұмыстарымды бітірмеймін де, кейін уақытты кері бұрғым-ақ келеді. Бірақ, мүмкін емес... Отбасы туралы Отбасы мүшелерінің ара қатынастарында шынайылық, сенім болу керек деп ойлаймын. Бұлар болмай, „идеал„ отбасы болып көрінудің қажеті жоқ. Ақша туралы Ақша табуды үйренген жоқпын әзірге. Ақшаға қатысты түсінген нәрсем: ақша - су. Достар туралы Достарым көп демей-ақ қояйын. Бірақ бәрі арманына жетсе деймін. Арман туралы Арман - жаны тілектің, жансы…

0
4
1911

„Білім күні„ құтты болсын!

Таңертең ерте тұрып университетке бара жатқанда ақ-қара киінген оқушылар қолдарына бір-бір шоқ гүлін ұстап мектепке кетіп барады. Осыдан он екі жыл бұрын мен де қолыма ауладағы „бархотка„ гүлін целлофан мешокқа салып алып, мәз болып барған сияқты едім. Уақыт қалай тез өтеді десеңші! Бір сәт өмірімді көз алдымнан өткіздім. Yvision-дағы оқушыларды, студенттерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын! Бүгін сабақ  басталды. Енді 101-дегі (201) Арай бізге „104, баспа ісі„ демей, „204, баспа ісі„ дейтін болды. Университетте Білім күні деген жоқ. Келе сала сабаққа кірісіп кеттік. Осыдан үш-төрт ай бұрын таңдаған пәндерімізді сабақ кестесінен таба алмай қойдық. Куратор-Құдірет біз қиналмасын деген шығар, өзі таңдап қойыпты. „Таңдау пәні„ деп жазып қоятынын айтшиш! Сөйтіп, екінші жыл да б…

0
3
1793

Майада. Ирактың қызы

Майада аль-Аскари Ирактағы өте құрметті жанұяда дүниеге келген. Ел басында Саддам Хусейн болған кезінде Майада онымен жеке тілдесіп, сұхбат жүргізген. Майадаға күндердің күнінде "Саддамның саясатынан азап шегем" деген ой келмеген-ді.Жай күндердің бірінде Майадаға "жеке типографияңда шииттердің мақалаларын басып шығардың" деген айып тағылып, Баладият түрмесіне отырғызылады. Саддам Хусейн мен "Баас" партиясының озбыр саясаты мыңдаған ирактық жанұяларды қан жылатты. Бір торда жатқан 17 бейкүнә әйел, түрмеге жабылудағы әркімнің оқиғасы әр түрлі, қаніпезер күзетшілердің қолынан қорлық көреді. Әр әйел өз өмірі жайында айтып, Құдайдан туған-туыстарының саулығын тілеп отырады. "Мың бір түндегі" Шахерезада сынды әңгімелерін айтысып, армандарымен бөліседі. Әр тұтқын әйелдің әңгімесінде Саддамға дег…

0
0
605