Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ. ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРУ – «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ» МӘН МАҢЫЗЫ
Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан халқына Жолдауында ең негізгі бағыттардың бірі ретінде «Ғылымға негізделген экономика ең алдымен Қазақстан ғылымының потенциалының мүмкіндігін көтеру»,-деп көрсетті. Елбасы көрсеткендей жаңа зерттеулер мен инновацияларды көлемді қаржыландыруды жоспарлау ел болашағына құйылатын ұзақ мерзімді инвестиция болып табылатыны сөзсіз.Қазіргі таңда әлем жылдам өзгеруе, жаңа дәуір келді, біздің көз алдымызда өзгеше мүмкіндіктері бар әлемдік шынайылық пен жаңашылдықтар. Бүгінде Қазақстан экономикасына әлемдік нарықтағы қиындықтар тудырған бір қатар сыртқы факторлар кері әсер етуде, әлемдік дағдарыстардың болуы бізге байланысты емес. Ешкім әлемдік дағдарыстың пайда болуынан сақтана алмайды.Бүгінде бізге ғылымның қандай бағытының керектігін, сондай-ақ ғылы…