Біздің күш-қуатымыз – өркендеген қалаларда
Алматы әкімдігі мен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ»АҚ 800 млрд теңгенің ынтымақтастық туралы Меморандумына қол қойды. Алматыда бүгін «Мемлекеттік тапсырыс-2015» акциясы өтті. Оның аясында қаланың кәсіпорындары мен ұйымдары «Самұрық - Қазына» ҰӘҚ кәсіпорындарына көрсете алатын қызметтері мен жеткізе алатын тауарларын көрсетті. Акция аясында меморандумға қол қойылды, оған сәйкес ҰӘҚ алматылық кәсіпорындардан 2015 жылы 800 млрд теңгенің қызметі мен тауарларын сатып алуы керек, деп әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады. Алматы қаласы әкімі Ахметжан Есімовтың төрағалығымен өткен келелі кеңесте «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ төрағасы Өмірзақ Шүкеевпен өткен жылдың ынтымақтастықтың нәтижесін талқыланды. «Самұрық - Қазына кәсіпорындары мен қорымен бірлесіп ілкімді істер іске асырылуда. Нәтижесінде олар шаһар эко…