Тәкпіршілдік пен жиһад мәселелері
Әлем мұсылмандарының аландаушылығын тудырған жалған сенімді санаға сіндіруге тырысқан «Тәкпіршілер» жамағаты адамдарды сенім мен күпірлік, бірқұдайлық пен серік қосу мәселесіне адастырып, кәпірге шығаруда. Жамағат өкілдері жастарға жарқын болашақты уәде етіп, бүлікке бастайды. Сенімде шектен шыққан тәкпіршілердің әрекеттері шынайы исламға мүлдем жат. Діни басқарма Сириядағы қарулы қақтығыстарға не үшін білмей баратын жастарды қатыспауға шақырады. Сириядағы зорлық-зомбылық бейбіт жолмен шешілуі керек. Мемлекеттік органдардың жүйелі және пәрменді қызмет атқаруы тұрғындардың бойында қоғамның тұрақтылығына және өздерінің рухани құндылықтарының қорғалатынына сенімділікті туғызады. Ал, бұл, өз кезегінде, азаматтардың мемлекеттік органдар тарапынан жүргізіліп отырған идеологиялық жұмыстарға кең…