Мәжілісте «Пошта туралы» Заңның жаңа редакциясы таныстырылды
Бүгін ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің вице-министрі Сәкен Сәрсенов, ҚР Парламент Мәжілісінің аграрлық мәселелер жөніндегі Комитеті отырысының барысында депутаттарға «Пошта туралы» және «Пошта мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын ұсынды. «Заң жобаларының негізгі мақсаты қолданыстағы заңнамалықтың кемістіктерін жою, пошта байланысы қызметтерінің қауіпсіздік шараларын күшейту және сапасын арттыру, сондай-ақ пошта бөлімшелерінде ақшалай қаржыларды және сәлемдемелерді ұрлау фактілеріне жол бермеу болып табылады» - деп атап өтті Сәкен Сәрсенов. Вице-министр депуттарды «будандық жіберілімдерді жіберуді» қарастыратын «Пошта туралы» жаңа заң нормаларымен таныстырды, ол жеделдеткен тәртіпте және қарапайым пошталық жібе…