Құрқұдық
- Шәкерім Құдайбердіұлының қалай мерт болып, қалай, қай жерде жерленгені, арада 30 жыл уақыт өткенде 1961 жылы ұлы Ахаттың қалай қазып алғаны жөнінде ауылдастары, туыстарының естеліктері бар,-дейді Құралай Мұхамедшайыққызы. – Соның бірі Мұхтарғазы Момынғазиннің естелігі. Ол кісі Кәрімқұлдың Қабышынан жазып алған екен. Шәкерімнің шәкірті болған Қабыш ағамыз жақсы әнші, әсіресе қажы атаның әндерін нақышына келтіріп шырқайтын болған. Ол аңшылықтың да қыр—сырын жақсы меңгерген екен. Қасқырдың бөлтірігін күзде енесі болып ұлып шақырып, сан рет атып алған, күшігі інде болған кезде тамақ әкелген енесінің қыңсылаған дауысына салып, іннен шыққан күшіктерді қапқа тоғытатын өнері болған дейді. 1931 жылы қажы атылғанда Қабыш 18-19 жаста екен. Қабыштың әкесі Кәрімқұл НКВД-нің адамдары Шәкерім атаны ат…