Ақын Қалижан туралы бірер сөз
Шілде айының соңында күні-түні үзбей жауған жаңбыр әп - сәтте-ақ қырдың үгіле бастаған көдесін көтеріп, жасыл құрақ жайқалып, арнасы кепкен бұлақтарға кәдімгідей жан бітіп,сарқырап, күркіреп тасқындай ағып дала сәнін арттыра түскен. Тұлпарлар тұяғының дүбірі мен жылына бір рет дүр сілкініп, сонан кейінгі кезеңде өлі тыныштық құшағына жататын Мойылды алқабында киіз үйлер тігіліп, ат шабыс өтетін айналым тазартылып тегістеліп, мұқият тексерістен өткен. Міне, жылдағы еңбек озаттарының дәстүрлі аудандық слетінің жалауы желбірей көтерілді. Аудан басшылары, еңбектерімен ерекше көзге түскендер, еңбек ерлері атанғандар, әр деңгейдегі депутаттар, бір сөзбен, ауданның бетке ұстарлары Қарағанды облысының Егіндібұлақ ауданынан арнайы келген өкілдер алаңдағы президиумға жайғаса бастады. Тек жиын баста…
