Мазмұнға өту
Muxit

Muxit Bayazitov

@Muxit

Сайтта 2016 ж. 26 сәуірКазахстан, Павлодар

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

250

жазбалар

172

пікірлер

0

тіркелуші

6

жазылымдар

0

Тіл таным — Иран тілінен енген сөздер

Аспан Аспан ашық, күн тымық, Күредік қарды құлшынып. Осы аспан сөзі де, Біздің тілге кезінде. Кіріпті Иран тілінен, Мағынасы “әуе” екен. Осыны бүгін білдім мен. Арай Ғасырлар бойы сандаған, Көнеріп, ұмыт қалмаған. Көп сөздің бірі Арай-ды, Тамсандырған талайды, Қосады ақын жырына, Білгенің жөн мұны да. Осы сөз қазақ қырына, Жетіпті Иран жерінен. Шұғыласын төгіп тұр бүгін, Тілімнің асқақ төрінен. Ас «Ас адамның арқауы, Сабырлық керек затында». Бұл мақал Алтай, Арқаға, Бейтаныс емес затында. Тағам ғой асқа балама, “Ас” сөзін жат санама. Аруақ ырза болсын деп, Ас берді ел Бабаға. Алау Алаулап жанған оттайын, Жалындап біраз тоқтайын. Жылылық жұртқа тарасын, Қызуы қайтпас шоқтайын. Астана «Астана» Басқа да, Сөздердей. Тіліме өң берген, Шыққанын қай тілден. Білуді жөн көргем, Іздедім сөздіктен,…

0
0
1332

Араб тілінен енген сөздер

Алла


Осы сөзбен бесігіңде таныстың,

Ер жеткен соң мәңгілікке табыстың.

Мейіріміне бөленген сан мұсылман,

Аллаға сен  дей алмайсың, алыспын.

Алла, сірә, басты сөзі Арабтың,

Әлимсақтан әжетіңе жараттың.

Әміріне бір Алланың бойсұнып,

Жазираға ілімін де тараттың.

Осы өлең өріміне өрілген,

Біршама сөз.

Бізде қырға керілген.

Арабтардан

Тарағаны дау тудырмас тегінде,

Деген ойға

Ертелі- кеш берілем.

 

Амал

«Амал айы» өткен соң,

Күн жылынып, ерір тоң.

Дегенде үлкен кісілер,

Наурызды еске түсірер.

Мұнан да басқа «амалдың»

Омонимі  бар таласпа.

Күйретіп жаудың қамалын,

Әдісін біліп жол тауып.

Әперген жеңіс Алашқа,

Қолбасшы біліп «амалын».

Сөз мәнін білсе артық па,

Тіл таныр жасқа саналы.

 

Сүлеймен Баязитов

1
0
1769

Дұрыстап оқы

Ит сабалады,

Жаңбыр абалады.

***

Кеме балтырға өрмеледі,

Кене теңізде тербеледі.

***

Жылан көктен құлады,

Қыран інде тұрады.

***

Инемен киім пішіп,

Қайшымен тіктім ішік.

***

Қоян қойды жаралады,

Қасқыр жымды паналады.

***

Кесе, кесе суға түстім,

Көлге барып, айран іштім.

 

Сүлеймен Баязитов

1
0
459

Сол атеист қайда екен?..

(сықақ) Исламға құзғындайын шүйілген, Молдаларға қабақтары түйілген. «Алла» деп ем әлдеқалай байқамай, Бүйідейін бүре кетті бүйірден. -Не дедің?- деп сұрады ол сұстанып. -Жәй,- деймін ғой баяғы. -Естідім ғой «Алла» дедің сен анық, Үлкен айғай боп кеткен еді аяғы. -Комсомолсың, «Алла» дейсің тағы да, Надансың,- деп тиді дерсің шамыма. Ол кездерде мінезіміз болатын ед тым шадыр, Сарт еткізіп,салып қалдым жағына, Сол-ақ екен қуғын-сүргін басталды, Комсомолдан шығарып-ақ тастады. Қайтем бәрін көргенімнің тізбектеп, Шашымды алды, орнында бас қалды. Сол атеист көрші болды менімен, Жүріп жаттық әркім өз жөнімен. Біреу бірде есік қақты түн іші Ентігіп тұр бір әйел Тарылғандай тынысы. -Үйдегі ағаң бетін оңға бұрды анық,- Деді-дағы сыбыр етті сұрланып. -Міне, адрес ертіп кел сен молданы, Тек сыр ша…

0
0
575

Майлыаяқ

Үлкендігі кішігірім тайшадай қара төбет құдайдың құба жонында салдыртып келе жатыр. Қайдан шықты, қайда барады оны иттің өзі білмесе білетін жан жоқ екендігі талассыз. Ара - тұра тоқтай қалып, тұмсығын көкке көтеріп, кең тыныс алады. Сонан соң жолын онан әрі жалғайды. Күн көкжиекке жақындап барады. Асығу керек, әйтпесе түнде түртінектеп жүріп.. Оны қайдан таппақ? Ит санасында найзағадай жарқ еткен осы оймен қанаттас шегі шұрылдап асқазаны сағзи жөнелді. Иесі қайтыс болғаннан кейін Мергеннен кетіп қалды. Содан бері оған арнайы сорпа - суан әзірлеп құятын құдайдың құлы болмағаны иттің есіне түскен. Өзі тентіреп барған ауылдардағы үйшікте тұратын иттердің тамағына тартып ішіп, өзек жалғаумен жүр еді. Сонысын да бұл жұрт көп көргендей ме, әйелдер жағы қарғап - сілеп, итаяққа бас қойған. Мұны…

0
0
1703

Қасиеті туралы

Екібастұз қалалық “Отарқа” газетінің 1998 жылғы 31 шілдедегі № 31,32 сандары “Дархан даланың данышпан ұлы Мәшһүр Жүсіп Көпеев 140 жаста” деген айдармен жарық көрді. Газеттің сол сандарында белгілі журналист Амангелді Қаңтарбайұлының “Ескелді естеліктері” басылды. “Күтпеген қонақтар”, “Өртке оранған өңір”, “Қой қырғыны” атты үш әңгімеден тұратын естеліктер Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының ерекше қасиетін айшықтауға арналған құнды дүниелер. Автор өзінің балалық шағында үйлерінің Мәшекеңнің зират үйімен көрші қоныстанғанын баяндайды. “Әлі есімде өте кедей едік, тістеуік жирен биеміз, екі лағы бар қара қасқа ешкіміз болды. Неге екенін кім білсін, біздің үйде ыдыс- аяқ та жетімсіз болатын. Балта да жоқтын. Оның бәрі есімде қалғаны жолаушылап біреу- міреу келе қалса, шешем мені Мәшекеңдікіне жұмсайтын…

0
0
570

Өнегелі ойға толы туындылар

Қазақ даласы, оның ішінде Баянауыл өңірі, қашанда біртуар тұлғаларға кенде болған емес. Дегенмен, «жүйрікте де жүйрік бар, әліне қарай жүгірер» демекші, сол сом тұлғалардың арасында тәңірі өлшеусіз өнермен телегей теңіз білімдарлықты қатар сыйлап, ол аз десеңіз тылсым сырлы дүииенің сан қатпарлы құпия сырын көңіліне түйдіріп, ғайыптан болжап сөз айтар әулиелікті қатар сыйлаған санаты саусақпен санарлық дара тұлғалар бар. Олардың халқымыз-дың сан ғасырлық тарихынан алар орны тіптен ерек, тіптен бөлек. Соның біз білетін бірі де, бірегейі де- Мәшһүр Жүсіп Көпеев. Оны жұрттың дені ең бірінші кезекте ғайыптан болжап сөз айтқан, сол айтқандары әманда айна қатесіз келгем көріпкел әулие деп біледі. Бұлары заңды да. Мәшекең көзі тірісінде зират үйін салдыртып, қабырын қаздыртып қойды. -Мұныңыз қал…

0
0
504

Абай мен Мәшһүр – Жүсіптің партияға көзқарасы

«Кобзардың жалынды гуманизм мен бостандықты аңсауы, өз халқына деген перзенттік адалдығы, бауырмалдығы, әділдігі адамдарға шексіз қымбат. Ақынның колониализм мен милитаризмді әшкерелеуі, қырсық пен қанаушылықтың қандай түріне болсын ерлікпен қарсы күресуі, өзінің шыншыл да жалынды жырларымен адамдарды жігерлендіруі бізге бұл күнде соншалықты жақын және қымбат». Кезінде «Правда» газетінде Тарас Шевченконың шығармашылығы жөнінде қалам тартқан сыншы О.Гончардың «Бессмертие Кобзаря» атты мақаласынан алынған осы жолдарды қазақ әдебиетінің асқар шыңы, классигі Абай Құнанбаев пен жерлесіміз, тарихшы, ақын Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің партия тақырыбына жазған өлеңдеріне шолу жасау кезінде бір жазып, бір өшірдім. Оған себеп кейінгі кезде кейбір зиялылардың: Сендер Абайды қазақтың Пушкині дейсіңдер, сөйт…

1
0
1003

Қазақтың тірегі мен жүрегі

Қазақ баспасөзінің, әсіресе, «Қазақ әдебиеті» газетінің қазақ қауымы үшін алар орны ерекше. Бұл бұрын да, бүгін де, Алла жазса, ертең де солай болып қала бермек. Ежелден-ақ қазақ жыртысын жыртып, ұлт мұңын мұңдап келе жатқан газет бұл күнде ел назарын өзіне аударған. Күн тәртібіндегі шилі мәселеге айнала жаздап тұрған жер қатынастары туралы да бірталай ортаға ой тастап, олжа салар дүниелерді жариялап үлгерді. Солардың бірі газеттің үстіміздегі жылғы 5-11 тамыздағы №29- санында жарияланған Қорабай Шәкіровтың «Қазақ жерінің қамын ойлай...» атты мақаласы автор туған жер туралы толғанысын бірталай бүгінгі және келер ұрпаққа үлгі болар өнегелі жайларды қозғай келіп, орын алып отырған олқылықтардың орнын толтыруға, істі алға бастыруға бағытталған өзінің т.б. Бірталай азаматтардың ойларын ортаға…

1
0
1267

Көшбасшылардың бірі

Бәрі де сол Мәшһүр Жүсіп шығармаларына құмарлықтан басталды. Қолыма түскен Мәшһүр шығармаларын оқып танысқан сайын азды-көпті түйген ойымды қағаз бетіне түсіруге тырыстым. Сол танымдық дүниелерімді біртіндеп газет-журналдарға ұсындым. Солардың бірі «Абай мен Мәшһүр Жүсіптің партияға көзқарасы» атты мақалам жаңадан шыға бастаған республикалық «Ұлағат» журналының №1-санында жарық көруі көңілімді қуанышқа бөледі. Мәшекеңнің еңбегін шамам жеткенше оқып-зерделеуге, оқырманмен ой бөлісуге ынталандыра түсті. Сол тұста С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіндегі Мәшһүртану ғылыми-практикалық орталығы (мұнан әрі орталық) жұмыс істейтінін естіп білдім. Орталық директоры филология ғылымдарының докторы, белгілі Мәшһүртанушы Айтмұханбет Тұрышев мырза орнында екен, жылы қарсы алды. Орт…

0
0
893