«Nur Otan» барлық 216 аумақтық мәслихаттарға тізімдер ұсынды
Жергілікті өкілді органдарға сайлау қорытындысы бойынша партияға орта есеппен сайлаушылардың 82,4%-ті дауыс берді. Осылайша, барлық деңгейдегі мәслихаттардағы 3 276 орыннан нұротандықтар 2 701 мандат алды.Кеше партия филиалдарының саяси кеңестері бюролары отырыстарының қорытындылары бойынша еліміздің барлық облыстары, аудандары мен қалаларындағы мәслихаттар депутаттарының тізімі жасалып, тіркеу үшін өңірлік сайлау комиссияларына жолданды.Жалпы, мәслихаттардағы біздің фракциялардың құрамы 65%-ке жаңарды.Партияның депутаттық корпусы 6 жылға жасарды, бүгінде халық қалаулыларының орташа жасы 45 жасты құрайды.«Nur Otan»-нан сайланған барлық депутаттардың үштен бірі – әйелдер, 23% – 35 жасқа дейінгі жастар. Олардың қатары сәйкесінше 11%-ке және 16%-ке артты. Осылайша, Елбасы, партия Төрағасы Н.…

