«Nur Otan» партиясынан Ақмола облыстық мәслихаты депутаттарының тізімі бекітілді
«Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалы Саяси кеңесі бюросының шешімімен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 112-бабының 1-тармағына сәйкес, Ақмола облысы мәслихатының депутаттары ретінде Аумақтық сайлау комиссиясы тіркеген 26 адамның тізімі бекітілді.
Осылайша, мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы фракциясының құрамы 65,4%-ға жаңартылды. Ұсынылған тізімде әйелдер үлесі - 30,8%, жастар - 20% болды.
Жаңа фракцияның алдында 5 жылға арналған облыстық сайлауалды бағдарламаның орындалуын бақылау міндеті тұр.
Депутаттар негізінен өнеркәсіп, білім, спорт, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік, спорт, БАҚ және т.б. салалардың мүддесін білдіреді.
Тізім:
1. АНТОНЮК Кира Евгеньевна - Щучье жоғары экология, туризм және орман шаруашылығы колледжінің оқытушысы
2. АЯҒАНОВ Ерлан Серікұлы - Көпсалалы облыстық аурухананың нейрохирургиялық бөлімінің меңгерушісі
3. ӘКІМОВ Бегім Серікұлы - «Нұр Али» ЖШС директоры
4. ӘМІРЖАНОВ Жұмабай Қабенұлы - «АП-Импэкс» ЖШС бас директоры
5. БАЛПАН Мұрат Сағатұлы - «Жарқайың ауданының аппараты» ММ аудан әкімі
6. БАЛТАШЕВА Айнагүл Қыдырбайқызы - Ақмола облысының білім басқармасы жанындағы «Bolashag saraiy» ШЖҚ МҚК директоры
7. БЕЗВЕРБНЫЙ Павел Николаевич - «Орленок.К» ЖШС директоры
8. БЕКМАҒАМБЕТОВ Ғалым Мәдешұлы - «Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары
9. ГУСЕВ Александр Яковлевич - «Агрофирма Поиск» ЖШС директоры
10. ЕСЕНТҰРОВ Айбат Абайұлы - «Даниловское и К» ЖШС директоры
11. ЖАКСЫЛЫҚОВ Әсен Дулатұлы - «Гормолзавод» ЖШС директоры
12. ЖӘКІШЕВА Назгүл Әлімқызы - Атбасар ауданы Жастар ресурстық орталығының жетекшісі
13. ЖОРАБЕК Абай Жұманұлы - «Заречный» ЖШС бас инженері
14. ЖУКОВА Ирина Николаевна - Шортанды ауданының жеке кәсіпкері
15. ЖҰМАБАЕВ Әділ Қайратұлы - «SABUNDY-OIL» ЖШС бас директоры
16. ЖҮНІСОВ Талғат Тұрлыбекұлы - «КАИК» ЖШС директорының орынбасары
17. КИСТИН Сергей Александрович - «Камаз-Инжиниринг» АҚ бас директоры
18. МАТАЙБАЕВА Сайра Айтенқызы - «Kazyna-SR» ЖШС бас директоры
19. МАЩИНСКАЯ Елена Ивановна - «Той-Дастархан» ЖШС директоры
20. МҰҚАНОВ Ғамзат Рыспайұлы - «Jana – Konyr» ЖШС директоры
21. МҰХАМБЕТЖАНОВА Гүлден Есмұратқызы - Жақсы ауданы Островское орта мектебінің директоры
22. НАУРЫЗБАЕВА Бағлан Назымбекқызы - Дәрігер Plus» ЖШС директоры
23. ОРАЗАЛИН Мейрам Абайұлы - Ақкөл аудандық пошта әкімшілігінің бастығы
24. СҰЛТАНОВ Кайрат Абайдоллаұлы - Ақмола облысының туристік қауымдастығы ЗТБ төрағасы
25. СЫРЛЫБАЕВ Марат Қадырұлы - «Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КЕАҚ басқарма төрағасы-ректоры
26. ШОНАЗАРОВ Умар Файзудинович - «Асыл Арман» ЖШС директорының орынбасары.
https://nurotan.kz/news/news-detail/280141?lang=kz
