Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ақмола облыстық мәслихатындағы «Nur Otan» фракциясының алғашқы отырысы өтті

«Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалы Саяси Бюро кеңесінің шешімімен тағайындалған фракция жетекшісі Бекмағамбетов Ғалым Мәдешұлы бүгін отырыс барысында фракция жетекшісінің орынбасары қызметіне облыстық мәслихат депутаты Балташева Айнагүл Қыдырбайқызын ұсынып, бұл ұсыныс көпшілік депутаттардың дауысымен қолдау тапты.

Сонымен қатар отырыс барысында Ақмола облыстық мәслихатындағы тұрақты комиссиялардың төрағалары қызметіне келесі депутаттарды ұсынылды.

Бір ауыздан облыстық мәслихаттың әлеуметтік мәселелері бойынша комиссия төрағасына Мащинская Елена Ивановнаны, облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер және индустриалды-инновациялық даму жөніндегі тұрақты комиссиясы төрағасына Шоназаров Умар Файзудиновичті, облыстық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері бойынша тұрақты комиссиясы төрағасына Әміржанов Жұмабай Қыбенұлын, облыстық мәслихаттың парламенттік этика, заңдылық, экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы төрағасына Жақсылықов Әсен Дулатұлының кандидатуралары ұсынылып, тағайындалды.

Фракцияның отырысы барысында жұмыс тәртібі мен жоспары талқыланды.

0
0
186

Осы тақырып бойынша

Ақмола облыстық мәслихатындағы «Nur Otan» фракциясының алғашқы отырысы өтті - Yvision.kz